Кеше «Нұр Отан» партиясының Астанадағы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде шалғайда жатқан ауыл тұрғындарын «Қазпошта» АҚ бөлімдері арқылы онлайн режімде тыңдау ұйымдастырылды. Аталған шара «Партияға өтініш» акциясы аясында өткізілді.
Акция шеңберінде қолға алынған бұл жолғы шара білім беру саласына арналды. Сондықтан, шалғайдағы ауыл тұрғындарының түрлі сауалдарына жауап беру үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев келді.
Қабылдау барысында Skype бағдарламасы арқылы Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урипинка ауылының, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының, Қостанай облысы Федоров ауданы Пешкова ауылының, Ақтөбе облысы Алға қаласының, сондай-ақ, Павлодар, Көкшетау, Атырау қалаларының тұрғындары Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, сол заматта тиісті жауаптарын алды.
Жалпы, онлайн режімдегі бұл қабылдау кезінде азаматтар өздерінің жеке мәселелеріне байланысты және білім беру саласына қатысты көптеген сауалдар қойды. Ал өз кезегінде вице-министр тұрғындардың әрбір сұрағын мұқият тыңдап, ыждаһатпен жауап беріп отырды.
Осы арада түсіндіре кетейік, «Партияға өтініш» акциясы ауыл тұрғындарына облыс орталықтарына бармай-ақ жергілікті пошта бөлімшелері арқылы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін жеткізуге, сұрақтарын қоюға, сонымен бірге, мемлекеттік орган басшыларымен онлайн режімде байланысқа шығуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге де септігін тигізеді.
«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Жұмажан Жүкеновтің айтуынша, аталған мүмкіндік партия мен «Қазпошта» акционерлік коғамы арасындағы өзара әріптестік нәтижесінде жүзеге асырылуда.
«2015 жылы 65 шалғайдағы пошта байланыс бөлімшелері арқылы азаматтарды қабылдау жүргізілген. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі ұлғайта түсу жоспарда тұр», – деді Ж.Жүкенов.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы акция аясында алыстағы елді мекендердегі азаматтарды толғантқан түрлі мәселелерді қамтуға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, осы жоба арқылы халықты мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпараттандыруға қол жеткізілуде.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
• 13 Ақпан, 2016
«Нұр Отан» партиясы: сұрақ – сізден, жауап – бізден

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22