Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында Ұлттық қордан 2015-2017 жылдарға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға белсене араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуды «Нұр Отан» партиясына тапсырған еді.
Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысында әлеуметтік нысандар салу үшін Ұлттық қордан үлкен көлемде қаржы құйылды. Осы орайда, Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанындағы мемлекеттік бюджет қаражаты мен Ұлттық қордан бөлінген қаржылардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылау комиссиясы Ақтау қаласында салынған нысандарға тексеру жүргізу жұмыстарын бастады.
Комиссия мүшелері алдымен Ақтаудағы «Жаңа шағын аудандардың кәріздік тарату жүйесінің құрылысы» жобасымен танысты. Бұл, атауы айтып тұрғандай-ақ, қанатын кеңге жайып келе жатқан Ақтау қаласының жаңадан салынған және салынатын ондаған шағын аудандарына қажетті инфрақұрылымдық қызметке орайластырылған жоба. Құны 1 101 978,0 мың теңге тұратын бұл жоба үшін 2015 жылы еліміздің Ұлттық қорынан мақсатты трансферт есебінен 1 067 391,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда кәріздік құбырлар тартатын жыралар қазылып, жұмыс қалыпты жүруде.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша салынған жаңа 32 «а» шағын ауданындағы 120 пәтерлік тұрғын үйдің салынуы мен пайдалануға берілуі туралы комиссия мүшелеріне Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ө.Бисақаев баяндады. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында салынған жайлылығы жөнінен 3 сыныпты үйлердің құрылысы аяқталып, өз иелерін күтіп тұр. Құны 1 322 625,0 мың теңгені құраған баспана құрылысы кезекте тұрған азаматтарға берілмек.
– Құрылыс нысандарын аралауға құрылған комиссия құрамында «Нұр Отан» фракциясынан үш депутат және арнайы мамандар бар. Біз осы тексеру жұмыстарына қатысты арнайы кесте түзген болатынбыз, осы кесте бойынша мезгілінде тексеруге шығып тұрамыз. Қайсы құрылыс нысанында қаржы жетіспеушілігі бар, көзге көрініп тұрған қандай кемшіліктер бар – осының бәрін біз қадағалап, дер кезінде шешім алып, жолға қоюға жұмыс жасап келеміз, дейді «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асуын қадағалау бойынша «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған комиссияның мүшесі, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ басшысы Нұрпейіс Сәрсенбай.
Депутаттардың тексеру жұмыстары жалғасын таба бермек.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.

Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40