Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлекпен кездесті.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Қ.Тұрғанқұлов Б.Фрлекті Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлауға дайындық жөніндегі жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, ол Орталық сайлау комиссиясының және сайлау органдарының жалпы ағымдағы іс-шаралары туралы айтып берді.
«Қазіргі уақытта Ортсайлауком барлық қажетті кадрлық, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған және сайлауды өткізуге дайын. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары толықтырылған және ол жұмысқа әзір отыр. Сонымен қатар, біз сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау үдерісіне қатысушыларды оқыту, сайлаушылар тізімдерін жандандыру және түзету жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз. Ортсайлауком төмен тұрған сайлау комиссияларын тиісті құралдармен, сондай-ақ, баспа, дыбыс және бейнематериалдармен қамтамасыз ете отырып, оларға қажетті ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетуде», – деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы өз кезегінде кездесуді ұйымдастырғаны үшін, ҚР ОСК тарапынан көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді және Миссия сарапшылары жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып берді. Кездесу барысында, сондай-ақ, партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, үгіт науқанын өткізу шарттарына, дауыс беру күнінің сайлау рәсімдері мен сайлау қорытындыларын шығаруға байланысты мәселелер талқыланды.
Ортсайлауком басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының сарапшыларына сайлауды байқауда табыс тіледі. «Біз ынтымақтастыққа дайынбыз және байқау миссияларының қатысуын алдағы сайлауда жариялылық, транспаренттік, ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге, сайлау үдерісінің барлық қатысушылары тарапынан сайлауға сенімін арттыруға ықпал етеді деп қарастырамыз», – деді ол.
Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ҚР ОСК мүшелері, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау және құқық мәселелері жөніндегі мамандары қатысты.
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00