АСТАНА. 18 ақпан. АҚШ Apple компаниясы арқылы барлық iPhone түрлеріне толық кіруге қол жеткізбек. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
АҚШ билігі Apple-дың тек бір ғана iPhone-ын бұзумен шектеліп қалмақ емес, олар компанияның осындай құрылғыларының барлығына толық кіруді көздеп отыр. Мұндай пікірін АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеген.
16 ақпанда жарияланған АҚШ сотының шешіміне ол: «Бұл соңғы онжылдықтағы технологияға қатысты маңызды істердің бірі», – деп түсініктеме береді. Сот шешіміне сәйкес, Apple iPhone смартфонын бұзу үшін Федералдық тергеу бюросына (ФБР) көмектесуге міндетті. Ал бұл смартфон АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бернардино қаласында мүгедектер орталығына шабуыл жасауға қатысып, кейін көзі жойылған террорист Саид Фарукке тиесілі болған. Естеріңізде болса, өткен жылы 2 желтоқсанда болған теракт кезінде 14 адам қаза болып, 21-і ауыр жарақаттанған еді.
Сот арнайы қызмет мамандары смартфонда орнатылған қорғаныс құрылғысынан айналып өту үшін Apple-ді Федералдық тергеу бюросын тиісті бағдарламамен қамтамасыз етуді міндеттеді. Ереже бойынша компания Phone-дағы мәліметтерді шифрлап қояды. Оған кіру үшін құпиясөзді білу шарт. Сондай-ақ, құрылғыда егер оны тым көп бұзуға талпынса, барлық ақпаратты жойып жіберетін қорғаныс функциясы орнатылған.
«Тергеу бюросы талап етіп отырған технологиялық түрлендіру iPhone-ның 5S немесе одан да жоғары модельдерін жарты сағатта бұзуға мүмкіндік береді», – дейді бұл жөнінде Эдвард Сноуден. Оның ойынша, «Халық құқықтары сақталатынын біліп, Apple-ға сенім артады. Ал, Федералдық тергеу бюросы азаматтардың осы сеніміне селкеу түсіретін өзге әлемді жасамақшы».
Apple компаниясының басшысы Тим Кук Федералдық тергеу бюросының талабына келіспейтіндіктерін мәлімдеді. Компанияны АҚШ-тағы белді құқық қорғау ұйымдарының бірі – Америкалық азаматтардың бостандығын қорғау одағы (ACLU) қолдап отыр. «Үкімет тарапынан жасалған бұл қадам – бұрын-соңды болмаған жайт, ақылға сыймайды әрі заңсыз», – деді сөз бен технология бостандықтарына қатысты мәселелерге мамандандырылған одақ заңгерінің бірі Алекс Эбдо.
Айта кетейік, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің ғаламдық аңду бағдарламасы туралы мәліметтерді әшкерелеген Эдвард Сноуден 2013 жылы Ресейден уақытша баспана алған болатын. Өз елінде оған құпия ақпараттарды таратқаны үшін айып тағылған. Осыған орай Сноуденді отанында ұзақ мезімді түрме жазасы күтіп тұр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: ТАСС.
Сурет: topinfopost.com.
• 18 Ақпан, 2016
АҚШ билігі Apple арқылы әр iPhone смартфонын бұзуға мүмкіндік алмақ

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33