АҚТӨБЕ. 18 ақпан. Ақтөбе облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 319 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жыл қорытындысына арналған жиында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Талғат Мамаев мемлекеттік және республикалық бюджеттер кірістері бойынша жоспар тиісінше 11,7 пайыз және 16,9 пайызға асыра орындалғанын айтты. Жергілікті бюджет жоспары 105,3 пайызға орындалды, соның нәтижесінде жергілікті бюджетке жоспардан тыс 4,3 миллиард теңгеден астам қаржы түсті. Ал Ақтөбе қаласы бюджетіне салық түсімінің төмендеуі байқалғаны атап өтілді.
Жиын барысында мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері де қозғалды. Дәлірек айтар болсақ, мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент азаматтарға салық бойынша қарыздарының бар екендігі жөнінде хабарлама жіберіп тұратын Бірыңғай есептеу орталығын ашуды ойластыруда.
«Бүгінгі күні салық туралы хабарламалар халыққа қолмен немесе пошта арқылы таратылады. Хабарламалардың мекен жайларға жетпейтін кездері де кездеседі. Кей жағдайларда азаматтар салық бойынша қарыздарының бар екендігін сотта естіп жатады. Бұл мәселені Бірыңғай есептеу орталығын ашу арқылы шешуді жоспарлап отырмыз», – дейді Талғат Мамаев.
Сонымен қатар, интернет-ресурсын құру туралы ұсыныс та айтылды. Салық төлеушілер ол ресурстан төлеуі тиіс салығы, оның мөлшері мен өсімі туралы мәліметтерді ала алады. Мұндай ресурс арқылы кез-келген уақытта салық жөніндегі қарыздар туралы мәліметтерді алып қана қоймай, онлайн режімі бойынша қарыздарды төлеуге де болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: strategy2050.kz.
• 18 Ақпан, 2016
Ақтөбеде өткен жылы салық түсімдері асыра орындалды

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33