19 Ақпан, 2016

Астанадағы интернет акция

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_ 1 бетке (2)«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» деп аталды Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­ды­ғына орай ұйымдас­тырылған акция осылай аталып, оған еліміздегі барлық жастар белсенділік танытты. «ҚазМедиа» орталығында өткі­зілген шарада республи­камыздағы барлық әлеумет­тік желіні пайдаланушылар 25.el.kz арнайы сервисінің көмегімен бір мезетте өздері­нің суреттерін ұлттық на­қыш­тағы ою-өрнектермен безендіруге қол жеткізді. Сондай-ақ, акцияда еліміз­дің әр өңіріндегі жастар мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелдерде білім алып жатқан студенттер бейнеконференция байланыс жүйесі арқылы өз ті­лектерін білдірді. Атап айтқан­да, Мәскеу, Шанхай, Лондон, Ва­шингтон қалаларында білім нәрімен сусындап жүрген бел­сенді жастар байланысқа шығып, Қазақстанның қарыштап дамуын, білім, өнер, мәдениет, экономика салаларында жеткен жетістіктерін мақ­танышпен жеткізіп, Тәуел­сіздіктің 25 жыл­ды­ғымен барша қазақстандықтарды құттықтады. Мұ­нан кейін жал­пыұлттық акция­ға арнайы келген танымал әншілер мен кино саласында қанат қағып жүрген талантты әртістер сөз алып, жастарды белсенділікке, отан­сүйгіштікке шақырды. – Жастар – еліміздің бо­ла­шағы. Бүгінде мемлекет тара­пы­нан білім аламын деген жасқа барлық жағдай жасалған. Қа­зақ­­стан күн санап қарыштап дамып, экономикалық тұрғыда ілгері­леп келеді. Біз еліміз бен Елба­сымызға тірек боламыз. Біз елі­міздің ертеңгі иесі боламыз. Тәу­елсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын! Баршаңызды Қазақ­станды қадірлеуге, сүюге шақы­рамын, – деді киноактер Әділ Ахметов. Сонымен қатар, әнші Мар­жан Арапбаева да акцияға қаты­сушыларды патриот болуға үндеп, ақ тілегін білдірді. Жалпы, шараға 300-ден астам студент пен өнер адамдары және шығармашылық ұйымдар өкілдері қатысты. Бір айта кетерлігі, жал­пыұлттық акция басталған сәт­те 30 мыңнан аса әлеуметтік желілерді пайдаланушылар же­ке парақшаларын жаңартқан. Бұл ұйымдастырушылардың 20 мың адам жеке парақшаларын жаңа­лайды деген жоспарынан асып түсті. Өскелең ұрпақтың өміріне із салып, бойына елін, жерін, хал­қын сүюді сіңіретін һәм егемен еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығын насихаттайтын бұл шараның не­гіз­гі мәні бір елде өмір сүрген ха­лықтың тағдыры бір дегенге саяды. Ал шара соңында жас­тардың рухын көтеріп, жігерін жа­нитын «Қазақ елі осындай» әні шырқалды. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген