Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың басқарма төрағасы Болат Жәмішев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол банктің өткен жылғы жұмысы жөнінде әңгімелеп, қол жеткізген табыстары туралы айтты.
Банк басқармасының төрағасы өткен жылғы бірқатар қаржылық қиындықтарға қарамастан, Қазақстанның Даму банкі өз міндетін толық атқарумен қатар, біршама жетістікке жеткендеріне тоқталды. «Нақты мысал келтіретін болсам, былтырғы жылы кредиттік портфель мөлшері жоспарланған 943 миллиард теңгеден асып, 1,5 триллион теңгеге жетті. Теңге бағамының әсерін есептемегенде, өсімнің нақты көрсеткіші бұрнағы жылмен салыстырғанда 20 пайызды құрады», деді Б.Жәмішев.
Төрағаның сөзіне зер сала қарасақ, банктің активіндегі кредиттік портфелі 62 пайыздан 68 пайызға артыпты. «Мұндай жақсы нәтижеге негізінен былтырғы жылы 42 жобаны жалпы сомасы 280 млрд. теңгеге қаржыландыру туралы шешімнің арқасында қол жеткіздік. Бұрнағы жылы 226 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба ғана қаржыландырылған болатын. Бұдан бөлек, былтыр банк 50 миллион долларды құрайтын кепілдемелерді де шығарды», деді ол.
Өткен жылы Қазақстанның Даму банкінің шоғырланған таза табысы да артып, 7,9 млрд. теңгені құрапты. «Жыл қорытындысы аясындағы қаржылық нәтижелерге келсек, тұтастай алғанда оң бағалауға болады. Мысалы, таза шоғырланған табыс 7,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл алдын ала белгілі мәліметтер, нақты қорытынды аудит нәтижесінде белгілі болады. Таза табыс жалпы сомасы 47,7 млрд. теңгені құрайтын бес жобаның талаптарын құрылымдау нәтижесінде қамтамасыз етілді», деді банк жетекшісі.
Спикердің бұл сөзінен аңғарғанымыз, аталған бес жоба валюталық түсімдерден тұрады. Сондықтан, валюталық бағам өзгерістеріне орай жобаларға қатысты талаптар шетелдік валютадан ұлттық валютаға алмастырылған. Тұтастай алғанда, мұндай қадам қаржылық нәтижелерде оң жетістіктерді қамтыған сияқты.
Баспасөз мәслихаты барысында банктің басқарма төрағасы ағымдағы жылы автонесие бағдарламасына 26 млрд. теңге жұмсау көзделіп отырғанын да айтты. Оның сөзіне қарағанда, былтырғы жылы автонесие бағытында 15 млрд. теңге бөлінген екен. Бұған қосымша 4 млрд. теңге «БРК лизинг» арқылы қарастырылыпты. «Лизинг бойынша 4 млрд. теңге толығымен игерілді. Ал 15 млрд. теңгенің тек 87 пайызы ғана орындалды. Бұған себеп, жыл соңына таман девальвация қарқыны үдеп, соның салдарынан сұраныс та күрт түсіп кетті», деді Б.Жәмішев.
Оның келесі келтірген мәліметіне қарағанда, биылғы жылдың басында автонесие бойынша қосымша 11 млрд. теңге бөлініпті. Мұнымен бірге, ҚДБ автонесие саласында алдағы жұмыстарды айқындау бойынша Үкіметпен бірлесе белсенді жұмысқа кірісіпті. «8 қаңтардан бастап осы бағытқа қосымша 11 млрд. теңгені бағыттадық. Осылайша, тұтастай алғанда автонесие бағдарламасына 26 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта банктермен, автоөндірушілермен бірлесіп, қаражатты тиімді әрі нәтижелі пайдалану мәселесін қарастырып жатырмыз. Тұтастай алғанда, елімізде автонесие бағдарламасына қызығушылық үлкен. Мәселен, биылғы қарастырылған қаражаттың 12,7 пайызына клиенттерден тапсырыс түсіп отыр», деді басқарма төрағасы.
Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы аясында ҚДБ жеке тұлғалардың 5161 өтінішін қанағаттандырыпты. Осы жылдың 11 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда өндірілген автокөліктерді сатып алуға 16 млрд. 904 млн. теңге жұмсалыпты. Осыны айтқан банк басшысы, алты банк-агент 14,5 млрд. теңгеге нақты 4523 автонесие бергенін тілге тиек етті. «Осы ретте 15 млрд. теңгені құрайтын Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың бірінші траншы 87 пайызға игеріліп, халық 13 млрд. теңгеге автонесие алған. Биыл бөлінген 11 млрд. теңге көлеміндегі екінші транш 12,7 пайызға игеріліп,1,4 млрд. теңге автонесие берілді», деді Б.Жәмішев.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43