Облыс орталығындағы «Саяжайлар» шағын ауданында ашылған №37 мектеп, айтары жоқ, жарқырап тұр. Екіншіден, бұл мектеп қаланың шеткі жағында орналасқан. Қазір бұл ауданда да еңселі биік үйлер бой көтеруде. Шағын ауданның балалары аралас мектептерде, басқа қазақ мектептерінде білім алып жүрді. Енді олар сыныптарымен және сынып жетекшілерімен осында келді. Бұл жақта тұратын ата-аналарға қайта жақсы болды. Бұрын қазақ тілінде білім алсын деп балаларын орталыққа апаратын еді. Үш қабатты зәулім мектептің құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд 134 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, 1200 оқушыға арналған қазақ тіліндегі мектеп Екібастұз қаласында да ашылмақ. Қазіргі заман талабына сай бой көтерген мектепте 51 оқу кабинеті, яғни информатика, физика, биология, химия кабинеттері арнайы құрылғылармен жабдықталған. Кітапхана, асхана, спорт залы бар. Ауласында спортпен шұғылдану үшін түрлі алаңдар жасақталған. Алдағы қыркүйек айында тағы 500 оқушымен толықпақшы.
Жаңа мектептің директоры Ләйлә Жүнісованың айтуынша, бұл қазір білім алып жүрген 700 оқушының қатары толығып, оқу бағдарламасы да ерекше болмақ. Ерекше делінетіні – жаңа мектепке біліктілігі жоғары ұстаздар таңдап алыныпты. Әрбір негізгі пәндер бойынша санаттары жоғары және «Кембридж» бағдарламасы бойынша білім сапасын арттыру курсы деңгейінің сертификатының иегерлері атанған мұғалімдер сабақ береді. №37 мектеп облыста өткен жылы пайдалануға берілген 5-ші жаңа мектеп. Бұған дейін Шарбақты, Қызылағаш, Кенжекөл ауылдары мен Қалқаман кентінде жаңа мектептер ашылды. Құрылыс жұмыстарын павлодарлық «Таза-Стар» серіктестігі жүргізді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.
Суреттерді түсірген
Валерий БУГАЕВ.

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43