20 Ақпан, 2016

Бұл – бағдарламалық құжат

349 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Бисенов КылышбайЖыл басында Елбасы «Ұлт Жоспары – қазақ­стан­дық арманға бастайтын жол» атты бағдарламасын жариялады. Бұл тұрғыда ғалымдар қандай ойда? Нен­дей қорытынды жасады? Осыны білу мақ­сатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемле­кеттік университетінің ректоры, техника ғылым­дарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов­пен әңгімелескен едік. – Қылышбай Алдабер­генұлы, Елбасының «Ұлт Жос­пары – қазақстандық ар­манға бастай­тын жол» атты мақаласын оқы­ғаннан кейін қандай ой түйдіңіз? – Бұл – еліміздің одан әрі өркендеуіне нақты бағыт берген тарихи маңызы зор құжат. Қоғамдағы өзекті мәселелер мен еліміздің даму бағыттары туралы Елбасымыз өзінің ойларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа үнемі жеткізіп отырады. Осынау өрелі ой-пікір­лер бүгінгі күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық өр­кендеуі мен ру­хани жаңғы­руының негізіне айналып отыр. Сондықтан, оны негізінен жа­һан­дық дағдарыстарға қара­мастан 5 институттық реформаны жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындап беруімен ерекшеленетін Стратегиялық бағ­­дарлама дер едім. «Жаңа қа­зақ­стандық арманды» жүзеге асырудың сара жолын көрсеткен мақаласын Елбасымыз «Әр ұр­пақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді»,– деп бастап, ұлтымыздың ұлы мұратының әрбір қазақстандықтың ізгі ойынан құралатынына ерекше мән берген. Бүгінгі күні ел Тә­уелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне қадам басып тұрған кезде біз Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бақытты өмірге қол жеткізіп те отырмыз. Мемлекет басшысының осы бағ­дарламалық мақаласы алдағы күннің бұдан да бақытты, арман-көкжиегіміздің бұдан да кеңейе, нұрлана түсетіндігіне халықтың сенімін нығайта түсуде. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығы, әлем елдерінің қызығушылықпен қарайтын құндылығы – біз­дің көпэтносты еліміздегі ауыз­біршілік пен ынтымақ. Осы ретте Елбасымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәніне тоқтала келе: «Ел» сө­зінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді» деп Мәңгілік Ел идеясының біріктіруші кү­ші халықтың өз Отанына деген сүйіспеншілігінен бастау алатындығын атап көрсетеді. – Бағдарламалық мақа­ладағы тағы қай тұстарға ба­сым­дық берер едіңіз? – Елдің болашағы – жастар. Олардың жүрегіне отансүйгіштік сезімді ұялатып, санасына – мемлекетіміздің болашағы мен дамуы жолында ел бірлігін көздің қарашығындай сақтауды өмірлік ұстанымы ретінде қалыптастыру ұстаздар қауымының аса маңызды міндеті. Түркі халықтарының ор­тақ ойшылы Қорқыт ата бар ғұмырын ел бірлігін нығайтуға арнап, түркілік дүниетанымның негізін қалаған кемеңгер. Ғұлама ойшыл бабамыздың жыр­ларын­дағы отаншылдық пен ерлік, са­­бырлылық пен төзімділік – халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер. Осы орайда 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуіміздің маңызы ерекше болды. Халқымыздың ел тә­уел­сіздігіне деген ұмтылысын еш­қашан санадан өшірмеген тарихи оқиғалар көп. Соның ішінде қазақтың даңқты перзенттері Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының мәні мен мәртебесі аса жоғары. Бүгінде әлем таныған қазақ елі­нің ұлт азаттығы жолын­да­­ғы күрескерлік рухын, ата-бабаларымыздың ар­­ман-мұратын қастерлеп, ұр­пақ жадына қалып­тастыру – тәуелсіздігімізді баян­ды етудің рухани тірегі. Елбасымыздың сайлауалды бағдарламасынан туындаған Бес инсти­тут­тық реформаның, оны жүзеге асырудың «100 нақ­­ты қадамының» жаһан­дық экономикалық қиын­дықтардың күшті ықпа­лын сезініп отырған қазір­гі кезеңде маңызы ерекше. Осы ретте, Ұлт Жоспарын жү­зеге асырудың негізгі қадам­да­рын нақтылап берген Елбасы бағ­­­дары­ның да дер кезінде жа­рияланғанын ерекше атап өткім келеді. Әлемдік бәсекелестікте білімі мен ғылымы өркендеген ұлт қана жетіс­тіктерге қол жеткізе алады. Елба­сымыз әрқашан білім мен ғылым­ды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Осы мақаласында да ғы­лымға негізделген эконо­миканы қа­лып­тас­тырудың, жо­ғары техноло­гиялы өндірістер­ді кеңейтудің ел экономи­касын өркендетудегі шешуші фак­тор екендігін айтады. Қазақстан ғылымын дамытудың негізгі ба­ғыты – ол ғылыми-техника­лық зерттеулердің мазмұнында әлем­дік инновациялық трендке сәйкестіліктің болуы. Бүгінгі күні математика, биотехнология, фитохимия, нанотехнология, металлургия, басқа да салалар бойынша айтарлықтай нәти­желерге қол жеткіздік. Ғылым жетістіктерін экономикада қол­дануда да өз биігіміз бар. Бұл Ел­басы көрсетіп берген бас­ты екі ұстанымға негізделуі тиіс. Біріншісі – экономикалық серпілісті қамтамасыз ете алатын нақты басым бағыттарды айқындау. Екіншісі – ғылым­ды қажет ететін технологиялар трансфертін өндіріске енгізу. Елбасымыз «Жасыл эконо­миканың» стратегиялық трансферт идеясын және Еуропа, Азия Америка елдерімен жаһандық әріптестікті ұсынды. «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын әлемге тарату және жасыл экономика технологиясын дамыту туралы Қазақстанның бастама­сы әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болуда. Елбасының кең ауқымдағы жаһандық идея­лары бұл саладағы зерттеулерге жаңа серпін беріп, Астанада Экспо-2017 халықаралық көр­месін өткізу туралы шешім қабылдауға негіз болды. Қазірдің өзінде елімізде Дүниежүзілік банкпен «Технологияларды коммерцияландыру» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру шеңберінде 65 ғылыми жоба орындалуда, осындай жобалардың алдағы уақытта жүзеге асатыны ғылым мен техниканың дамуына мол мүмкіндік беретін болады. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдарды ынталандыруда. Мұндай жобаларды орындау арқылы, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізетін жаңа буын мамандардың кәсіби шебер­лігін қалыптастырып, мемлекет­тік ин­­дустриялық-инновациялық да­му бағ­дарламасын тиімді жү­зеге асы­ратын боламыз. Ел­басы айтқан осы мәселелер ғылыми-зерттеу инс­титуттары мен жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүгін артып отырғандығы белгілі. Ендеше, біздер осы жауапкер­ші­ліктің сенімінен шығу жолында еңбек етеміз. – Ал енді 5 институттық реформаны жүзеге асыру барысын­да білім беру сала­сының міндеті қандай болмақ? – 2015 жылғы 13 қарашада қа­был­данған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының Заңы ең алдымен Елбасымыз ұсынған Ұлт Жос­парын орындауға бағытталып отыр. Жаңа заңда ұстаздың бе­делін көтеруге бағытталған нор­­малар енгізілген. Бүгінгі күні орта білімді жұмысшы ма­ман­дардың жетіспеушілігі ел эконо­­микасының, шағын және орта биз­нестің өз деңгейінде дамуына әсерін тигізіп отыр. Дуальді оқы­­ту ны­саны бойынша білім беру бағ­дар­­ламасында кәсіпорында іске асы­рылатын оқу процесінің үлесін кәсіп­орын базасындағы өндірістік оқыту мен практиканың кемінде 60%-ы көлемінде айқындау, сонымен қатар, білім алушылардың міндетті өндірістік тәжірибеден өтуі, жастардың бірінші жұмыс­шы мамандығын тегін алуы ту­ралы мәселелер заңдағы негізгі жаңалықтар. Елбасы Жол­да­уында 2017 жылдан бастап жаңа жоба: «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасының басталатыны жарияланды. Бұл бүгінгі заман талабынан туындаған қажеттілік. Қазіргі кезде жұмыс бе­ру­­ші­­лердің мамандар даярлау үдерісіне қатысуы өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде пе­да­го­гикалық, медициналық ма­мандықтарға оқуға түскен жастар жоғары оқу орнын бітір­геннен кейін кемінде үш жыл мем­лекеттік білім беру ұйымдарында, мем­­лекеттік денсаулық сақтау ұйым­дар­ында қызмет атқаратын бо­лады. Бұл өз кезегінде жас ма­манның мемлекет алдын­дағы азаматтық жауапкершілігін арт­­тыруға, жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындарының білім бағдар­ламасын бірлесе жасаудағы ынты­мақ­тастығын дамытуға, ең­бек нары­ғындағы мамандарға деген сұранысты қанағатандыруға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастардың өз бола­шағына деген сенімін нығайтады. Аталған заңдағы тағы бір бас­ты жаңалық еңбек нарығының қа­жет­тілігіне байланысты орта білімнен кейінгі білім беру бағ­дарламаларын мең­герген аза­мат­тарға қолданбалы бакалавр біліктілігі берілетін бола­ды. Бұл өз кезегінде жаңа білім бағ­дар­ламаларын енгізуге мүм­кіндік береді. Сонымен бірге, жоғары білімді түлек­терге маман біліктілігі немесе бака­лавр дәрежесі берілетіні тұңғыш рет нақты айқындалды. Дипломмен өнді­ріске жұмысқа барған жас мамандар үшін жасалған мұндай қамқорлық өзі­нің оң нәтижелерін беретін болады. Ұлттық деңгейдегі жоғары оқу орындарын басқарудағы еркіндіктің бел­гілі бір деңгейі бекітілген. Аталған оқу орындары білім беру мазмұнын дербес анықтайтын болады. 2017 жылдан бастап Халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары ғана білім туралы мемлекеттік үлгідегі бекітілген құжат бере алады. Басқа жоғары оқу орындары тек өз үлгісіндегі білім туралы құжаттарды бере­тін болады. Мұндай нормалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін де көзделген. Бұл талаптар жоғары оқу орын­дарының білім беру сапасын арттыруда бәсекелестік орта қа­лыптастыруға кеңінен жол ашады және түлектердің болашақ қызметтік өсуін тұрақты назарда ұстауға мүмкіндік береді. Ендігі кезекте тарихи тағдыры ортақ қазақстандықтарды «бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аясына біріктірген, «Мәңгілік Ел» ұлттық идея­сын жүзеге асыру жолында уақытпен санаспай, нәтижелі еңбек ету біздің қасиетті де абыройлы борышымыз. – Әңгімеңізге рахмет.  Әңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.