01 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы №644

612 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2010 жылғы 20 желтоқсан, Астана қаласы

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау Ережелерін бекіту туралы»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. 1 - 65 қосымшаларына сәйкес салық есептілігі нысандары және оларды жасау Ережесі бекітілсін. 2. «Салық есептілігін жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 қаңтарда № 5997 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жылғы 2 наурызда № 31 (1653) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады». 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  Б.ЖӘМІШЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6709 болып енгізілді. * * *

Приказ Министерство финансов Республика Казахстана

20 декабрь 2010  год     №644      город Астана

«Об утверждении форм налоговой отчетности и Правил их составления»

В соответствии с пунктом 2 статьи 63 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ: 1. Утвердить формы налоговой отчетности и Правила их составления согласно приложениям 1 - 65. 2.  Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 декабря 2009 года № 574 «Об утверждении форм налоговой отчетности и Правил их составления» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 10 января 2010 года под № 5997, опубликован в газете «Юридическая газета» от 2 марта 2010 г. № 31 (1827)) следующее изменение: пункт 4 изложить в следующей редакции: «4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и распространяется на отношения, возникшие за период с 1 января 2010 года по 31 декабря 2010 года». 3. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д. Е.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации. 4. Настоящий приказ вводится в действие со дня первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникающие с 1 января 2011 года. Министр финансов Республики Казахстан  Б. Жамишев Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6709 болып енгізілді.