АСТАНА. 22 ақпан. Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясы және Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған академияның ректоры Ұлан Байжанов пен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовтің ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында Ұлан Байжанов құқық қорғау органдарының академиясы күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен құрылғанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады.
Әлихан Бәйменов алда тұрған ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келіп, күш-жігерді біріктіру құқық қорғау жүйесі өкілдерін кәсіби даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар кешенді ғылыми қызметті жүргізуге көмектесетініне сенім білдірді.
Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға және құқық қорғау қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулер жүргізуге үйлестірілген күштерін бағыттайтын болады.
Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб Қазақстан Үкіметінің және БҰҰ ДБ бастамасы бойынша 2013 жылы Астанада 25 мемлекеттің және 5 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай конференциясында құрылды. Хабтың міндеті аймақтағы мемлекеттік қызметтің тиімді жүйелерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі.
• 22 Ақпан, 2016
Құқық қорғау органдары академиясы кадр даярлау ісіне ерекше көңіл бөлуде

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42