22 Ақпан, 2016

Қарағанды қаласының көшесіне соғыс ардагерінің есімі беріледі

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-02-2016 sogis ardageri22-02-2016 sogis ardageriҚАРАҒАНДЫ. 22 ақпан. Қарағанды қаласында Театральная деген көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Тиышбек Ахановтың есімін беру туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл туралы nv.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тиышбек Аханов Екінші дүниежүзілік соғысында орталық майдандағы 953 атқыштар полкінің құрамында неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен соғысқан. Бейбіт заманда басшы қызметтер атқарып, еліне еңбегі сіңген тұлға, қоғам қайраткері. Жалпы, Қазақстанда 2015 жылдан бері көше, аудан, ықшам аудан, елді мекендердің басқа да бөліктерінің атауларын өзгертуге мароторий жарияланған болатын. Бұл жерде тек Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беруге ғана рұқсат етілген. Мұндай бастаманы билік орындары былтыр – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өткенде қолдаған болатын. Көше атауын өзгерту туралы жария тыңдалым 24 ақпан күні өтеді. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: nv.kz. .