22 Ақпан, 2016

«Мәңгілік ел» пойызы Шығыс өңіріне келді (фото)

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
22-02-2016 mangilik el 4ӨСКЕМЕН. 22 ақпан. Елордадан шыққан «Мәңгілік ел» пойызы Шығыс өңіріне келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Мәңгілік ел» пойызы Шығыс өңірінде бес қалаға тоқтады. Оның ішінде Ақтоғай мен Шар кенті, Өскемен, Семей және Зырян қалалары бар. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде жолға шыққан пойыз құрамында «Мәңгілік ел» идеясы мен бес институттық реформаны түсіндіру, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру үшін 96 адамнан тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар және дәрігерлер бар. Сондай-ақ, еліміздің әділет, білім және ғылым, әлеуметтік даму және денсаулық, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жергілікті тұрғындарды қабылдап, кеңес өткізді. Облыс орталығына жексенбі күні жеткен «Мәңгілік ел» пойызын қала тұрғындары «Өскемен-1» темір жол вокзалынан шат-шадыман көңіл-күймен күтіп алды. Салтанатты шараға өңірдегі теміржолшылар әулеттері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жастар жиналып, Кенді Алтай жеріне табаны тиген қонақтардың құрметіне ұлттық нақыштағы әдемі киімдерімен би билеп, ән салып, перронды ілезде шаттыққа бөледі. «Туған жерімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Тәуелсіздігіміздің тарихы – табысты еліміздің ұлы жылнамасы. «Мәңгілік ел» – біздің бабаларымыздың арманы, қазақстандықтардың ортақ ұлттық идеясы. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан халқы өзінің келісімімен, достығымен, тағаттылығымен әлемге үлгі болып отыр», – деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов. «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісовтің айтуынша, аталған жобаға қатысушылар үшін Абай мен Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлыларды сыйлаған қасиетті жерге аяқ басу – үлкен қуаныш. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: ШҚО Ақпараттық орталығы. 22-02-2016 mangilik el 1 22-02-2016 mangilik el 2 22-02-2016 mangilik el 3 22-02-2016 mangilik el 5 22-02-2016 mangilik el 6