22 Ақпан, 2016

Қызылордалық дзюдошылар Қазақстан чемпионы атанды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.02.2016 QZO ҚЫЗЫЛОРДА. 22 ақпан. Өскеменде дзюдодан 440 спортшы қатысқан Қазақстан чемпионатында қызылордалық дзюдошылар жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, Үшінші орында – Алматы қаласы. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жерлестеріміз жастар арасында өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальдарды жеңіп алды. Атап айтсақ, жекелей сында 60 кило салмақта Жақсыбек Жеңісбек, 66 килода Марат Жанқожа және ел чемпиондары атанды. Адия Сайын (44 кг), Салтанат Сұлтанбекова (48 кг), Гүлдерайым Алмағанбет (63 кг), 78 кг-ден астам салмақта Нұрғаным Тұршабек күміс жүлдені иеленсе, Малика Алпысбай (44 кг), Диана Тлеумұратова (52 кг), Дидар Тәттібай  (55 кг),  63 килода Сымбат Төрен, Нұрсұлтан Иса (73 кг), 78 кило салмақта Ләйлә Арыстанбек қола жүлдені еншіледі. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: Қызылорда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы. 22.02.2016 QZO-1