Таяуда Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо алдағы 10 күндік демалысын Моңғолияда өткізетінін мәлімдеді. Ол жақта атақты актерді ешқандай бес жұлдызды қонақ үй күтіп тұрмағанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, жеке жүргізушісі бар көлік те «жұлдызға» қызмет көрсетпейді.
Есесіне, актер сол 10 күнде киіз үйде тұратын болады. Ол аз десеңіз, барар жеріне жылқымен жетіп, күнделікті ас мәзіріндегі негізгі сусындардың қатарына қымыз қосылады. Бір сөзбен айтқанда, Ди Каприо көшпенділердің өмір-салтын көзбен көріп қана қоймай, өзін солардың бірі ретінде сезінуге мүмкіндік алып отыр.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, актер бұл саяхаты үшін 95 мың АҚШ долларын төлейді. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Ди Каприо өзі басты рөлін сомдаған The Revenant («Тірі қалған) фильміндегі кейіпкер сияқты табиғатпен бетпе-бет келіп, жалғыздықта өмір сүрудің әсерін сезінгісі келетінін айтқан.
Моңғолия сапары барысында актердің қасына жол бастаушы ретінде швед зерттеушісі Йохан Эрнст Нильсон мен жеке аспазы ереді. Осындай ерекше саяхаттарды ұйымдастырушы маман Й.Нильсон бұл сапар жөнінде: «Мен барлық тұтынушыларыма қиындықтар мен кедергілерден тұратын жолмен жүріп өтуді ұсынамын. Кейде жанға жайлы, рахат өмірден қол үзіп, сол ортаға өзге бір қырынан қараудың артықтығы жоқ. Оның әсері де ерекше болады», – дейді.
Ернар МҰХАМБЕТ.

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13