Өңірде Батыс Қазақстан аймағының және Қызылорда облысының тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластер құрудың қадамдары жасалуда. Бұған дейін Түркия, Ресей, Израиль елдерінің денсаулық сақтау саласы өкілдерімен ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын. Жақында мұндай келісім Оңтүстік Корея мемлекеті өкілдерімен де жасалды. Осы ынтымақтастық меморандумы аясында облысқа келген Оңтүстік Корея клиникасының профессоры Чангом Хэнгом Сеоко екі күнде ұйқы безі ауруына шалдыққан 6 науқасқа ота жасады. Жасалған оталар сәтті шықты. Ол ота жасаумен бірге, ауруларды қабылдап, кеңес берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, шеберлік сыныбын өткізу барысында әртүрлі ауруларға шалдыққан 60 адамды қараған.
Хирург Чанг Хэнг Сеоконы қабылдаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі таңда өңірде медициналық кластерді құру орайындағы басты міндет білікті медицина кадрларын даярлау болып отырғанын, бұл мәселеде Оңтүстік Корея дәрігерлеріне үлкен үміт артылатынын жеткізді. Ол сондай-ақ, ақтөбелік дәрігерлердің Чанг Хэнг Сеоко сынды кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың тәжірибесі мен білімінен үйренулеріне мүдделі екенін атап өтті.
Чанг Хэнг Сеоко өз кезегінде көрсетілген сенім үшін ризашылығын білдіріп, ақтөбелік дәрігерлермен тәжірибесін бөлісуге әрқашан дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында өңір басшысы Азия – Тынық Мұхит аймағының жетекші ғалымдарының қатысуымен осы жылы облыста ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді ұсынды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42