23 Ақпан, 2016

Ақтөбеде «Fashion World Ақтөбе» сән көрсетілімі өтті

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-01-2016-defileАҚТӨБЕ. 23 ақпан. Ақтөбе қаласындағы «Троя» ойын-сауық орталығында өткен «Fashion World Ақтөбе» сән көрсетілімінде ақтөбелік дизайнерлер түрлі стильдегі киімдерді тұтынушылар назарына ұсынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараны ұйымдастырушы Виктория Федюнованың айтуынша, бұндай көрсетілім Ақтөбеде жыл сайын ұйымдастырылып тұратын көрінеді. Сән көрсетіліміне ақтөбелік Малика Дүйсенбаева, Назым Надырбаева секілді сәнгерлердің киімдері, сондай-ақ, YESSEY, «Брощь» секілді косметика мен әшекейлер сататын компаниялардың да өнімдері шығарылды. Одан бөлек, шараға қатысқан қыз-келіншектерге ұтыс ойнатылып, арзандатылған бағадағы брендтер саудаға түсті. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: rulinen.com.