Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Қазақстан Президенті өткен жылы қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды жүзеге асыруды және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, комитет мәртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мәселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды. Қ.Жаңбыршин өткен жылы Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасын жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген. Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке және басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98% және 95,8% болды. Қ.Жаңбыршин бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға және 66 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді. Есеп комитетінің төрағасы Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ, облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы да баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18
Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы «қарызын» өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57