Бауыржан дос телефон шалды. Мақтааралдан. Бір өзі бір ауыл салып, қарауындағы қызметкерлерін жарылқаған қазақ. Батыр Бәукең, Бауыржан Момышұлындай рухы асқақ, ұлт намысы жолында ештеңеден аянбасын деп әкесі атын ырымдап қойыпты.
Бүгінгінің батырына лайық іс-қимыл танытып жүрген дос «дауысыңызды сағындық, көптен хабарласпай кеттік қой», дейді.
Өзің қатарлы азаматтар депутат боламыз, сайлауда қолдасаңыздар «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтындай» жағдайларыңызды жасаймын деп жүр. Өзің қалайсың. Бәйгеге ат үкілеп қосқан жоқсың ба?
Депутат менің не теңім. Ондай ой біздің кәллада жоқ. Онсыз да шаруамыз жеткілікті.
Кейін ойлаймын ғой. Осы Бауыржан Оңғарбаев облыс, аудан мәслихатына депутат болып түсейін десе мәреге құр аттай желіп келеді-ау деп. Қалың елге сыйлы. Айтқан сөзі жерде қалмайды. Халыққа өнеге боларлықтай ірі істердің басында жүр. Қарапайым әрі әділ. Өтірік сөйлегенді, бос уәде бергенді иттің етінен бетер жек көреді.
Бірақ біреулер қосарға қос ат алып, ақ тер, көк тері шығып жете алмай жүрген мансап, атақ биігіне көзінің қиығын да салмайды-ау.
Мен Үкіметке, Үкімет маған разы шығар, дейді күліп. – Бір тиын несие алмадым, бірақ әлеуметтік салаға деген көмектен тартынып қалған емеспін.
Осы Бауыржанның жоғары білімі де жоқ. Кеңес өкіметі кезінде КамАЗ-ын жалдаған азаматтардың қалай пайдаға шығып жүргенін көрген пысық жігіт нарыққа солай кірген. Біраз қаржы құрағаннан кейін Жетісайға кіреберістегі өзектің бойын қаулаған ну қамысты жерді сатып алмаққа аудан әкіміне кіреді.
«Ол жерді құрғату қиын, басқа жақсы жер берейін», дейді әкім. «Берсең соны бер, бермесең қоя ғой», дейді бұл. Ұзын сөздің қысқасы, бүгінде ну қамыс басқан өзен бойында аршыған ақ жұмыртқадай бір ауыл отыр. Осы Бауыржан Оңғарбаев салды. Бауыржан басқаратын «Қазыбек би» өндірістік кооперативі немен айналысады, не шығарады деп сұрағаннан гөрі немен айналыспайды, не шығармайды деген орындырақ шығар. Құрылыс, ауыл шаруашылығына керектің бәрі бар.
Бір күні барсам, есік пен төрдей «Джиппен» төрт дөңгелекті, сүйегі ауыр тіркеме сүйреп жүр.
– Әу, Бәуке, жұрт ана машинамен темір сүйремейді, қызыққа, мақтанышқа мінеді, – дейміз ғой.
– Мұны не үшін сатып алдым жұмысқа пайдаланбағанда. Тракторлар бос болмаған соң шаруаға жегіп жүрмін, – дейді күліп.
Біздің дос осындай. Бір көшеге өндіріс орындарынан бөлек үй салды. Сол үйге өзінде қызмет жасайтын, бірақ үй-жайы келіспей жүрген азаматтарды отбасымен қоныстандырды. Үйі жоқтың күйі жоқ. Олар да біреулердің әлпештеген баласы. Біз сияқты ағалары қолдау көрсетпесе үй-жайлы болуы қиын ғой, дейді. Мұндай мәрттік кәсіпкер атаулының екінің бірінің қолынан келе бермес.
Ана бір жылы досымызға ауыр тиді. Қыздай қосылған қосағы дүниеден өтті. Өте жақсы кісі еді. Бауыржанның үстінен құс ұшырмайтын. Мұндайда, жігіттің жүгінері, қайғыны басары ащы су ғой. Бауыржан өңдірістің бар жауапкершілігін үлкен ұлға өткізді де, қайғыны ұмыттырар деп ащы суға үйірсектеген. Дос көп, жора көп. Көңіл басарға. Бір күні қараса үлкен ұл арса-арса болып арықтап, қабағында мұң, жабырқап жүр. Сөйтсе, аудан прокуроры үстіне мініп алған. Қылмыстық іс қозғаймын деген бе, апарғанын азсынған ба, бизнесінен дәметкен бе, осылай-осылай. Ұлының айтқандарынан қаны басына тепті. Алдында тұрған ақмағамбетті есікке лақтырды. Буырқанып орнынан тұрып кетті. Прокурорға барған. Жалын ұстатпайды. Ыршып тұр. Сені де қаматам дейді қоқиланып. Сенесіздер ме, кәсіпкер өрекпіген прокурорды алдында тізерлетуге дейін алып барды. Батырға да жан керек екен, араға үлкен кісілерді салған.
– Мен оған тиіскен жоқпын. Ол өзі келіп ұрынды, – деді бұл. – Енді аямаймын. Басы аманында ауданнан кетсін. Әйтпесе, Жоғарғы Сотта көрісеміз.
Қара қылды қақ жарған батыр Бауыржан Момышұлының есімін алған азамат кәсіпкерлердің құқығын қорғауға болатындығына осылайша көз жеткізген. Тәуелсіздік күні қарсаңында осы Бауыржан Оңғарбаев өз қаржысына Жетісайға бастар күре жол бойына Алпамыс батырдың асқақтаған ескерткішін орнатты. Есік пен төрдей Байшұбардай тұлпарға мінген, бес қаруын асынған алып батыр «Ұлы Даланың қорғаны біз болдық, ендігісі өздеріңнің қолдарыңда» дегендей алға қарай ұмсынады.
Аздың емес, көптің кісісі Бауыржан Оңғарбаев осындай азамат.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05