03 Наурыз, 2016

Лайықты ризашылық

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақ ордаМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Бун­дестаг депутаты Хартмут Кошиктің Алғыс айту күніне байланысты жолдаған хаты келді, деп хабарлады Прези­дент­тің баспасөз қызметі. Германия Федералдық үкіме­тінің қоныс аударушылар мен аз ұлттар мәселесі жөніндегі уәкілі Х.Кошик Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы неміс диаспорасы өкілдерінің игілігі үшін жемісті ынтымақтастықты қолдап, тікелей назар аударып келе жатқаны үшін алғыс айтады. «Қазақстан халқы Ассам­бле­я­сының ХХІІ сессиясында «Алғыс айту» күнінің негіздемесін жариялап, режім кезеңінде Қазақстанға күштеп жер аударылған 800 мың немістің қасіретті тағдыры туралы айтқаныңыз үшін Сізге айрықша риза­шылығымды білдіремін. Қазір­гі уақытта Германияда тұрып жатқан, Сіздің елден келген көптеген немістер сол қиын уақыт­тардағы қазақ халқының жылы қарым-қатынасы мен достық пейілін зор ілтипатпен еске алады», – делінген хатта. Сондай-ақ, Х.Кошик Нұр­сұлтан Назарбаевты Герма­ния Феде­рал­дық үкіметі біз­дің ел үкі­меті­мен тығыз ынты­мақ­тастық­ты жал­ғас­тыратынына, респуб­ликамыз­дың саяси, қоғамдық және экономикалық дамуына ел игілігі үшін өздерінің қомақты үлесін қосып келе жатқан Қазақстандағы неміс диаспорасы өкілдеріне бо­лашақта да қолдау көрсете бере­тініне сендірді.