2010 жылғы 17 қыркүйек Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы “Салық туралы және бюджетке басқа міндетті төлемдер” (Салық кодексі) Кодексінің 574 және 576 баптарына сәйкес
бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Нормативті – құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5455 болып тіркелген және 2009 жылғы 10 сәуірде № 2 Қазақстан Республикасының орталық орындаушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілері Жинағында жарияланған
“Салықтық өтініштер нысандарын бекіту туралы”(одан әрі-бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 634 бұйрығына, келесі толықтырулар енгізілсін:
1тармақта:
24) тармақшасы “көтерме” сөзінен кейін “ және (немесе) бөлшек ” сөздерімен толықтырылсын;
37) келесі мазмұндағы тармақшасымен толықтырылсын:
“37) Салық кодексінің 279 бабы 6 тармақшасымен қарастырылған, осы бұйрықтың 38 қосымшасына сәйкес, акцизделенетін тауарларды өндіру, жинау (комлектациялау) бойынша тіркеу есебі туралы.”;
24 қосымшасын осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес мазмұндалсын;
Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес 38 қосымшасымен толықтырылсын.
2. Нормативті – құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанында № 5463 тіркелген және 2009 жылғы 20 ақпанынан № 27 (1624) “Заң газеті” газетінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдағы 30 желтоқсанынан № 637 “Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы” бұйрығына келесі енгізілсін:
20 қосымшасы осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес мазмұндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін және келешекте жаппай ақпарат құралында жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. ЖӘМІШЕВ.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6562 болып енгізілді.
465