09 Наурыз, 2016

Қазақстан әскерилері Армия ойындарына дайындалып жатыр

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09.03.2016 AST-8 АСТАНА. 9 наурыз. 35804 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ресейдің Мәскеу облысының «Буньково» полигонында халықаралық армия ойындары кезінде өтетін «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына дайындықты бастады. Байқауға қатысу үшін үш негізгі және бір резервтік есептоп іріктеліп алынды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конкурсқа дайындалу кезінде әскери қызметші химиктер барлау-химиялық машиналарда жеке жарысты, химиялық зақымдау қөзін іздестіруді, арнайы өңдеуді жүргізу мен атыс-шабуылдау жолағында мәрені, сондай-ақ эстафета мен атыс даярлығын пысықтайды. Әскери қызметшілерді іріктеу кезінде олардың психологиялық жағынан төзімділігі, дене күші мен атысқа дайындығына мән беріледі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 09.03.2016 AST-9 09.03.2016 AST-10