09 Наурыз, 2016

Өскеменде жастар қыз-келіншектерге гүл сыйлады (фото)

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09-03-2016 mereke 1ӨСКЕМЕН. 9 наурыз. Шығыс өңірінде жастар орталығының қызметкерлері Халықаралық әйелдер күніне орай, өскемендік қыз-келіншектерді құттықтап, гүлдер мен құттықтау хаттарын сыйлады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кез-келген сауда орталығында, көшеде, аялдамада жолыққан қыз-келіншектер қауымын қуанышқа бөлеу арқылы белсенділер 1 мыңнан астам әйелді құттықтады. Облыс орталығын отандық компанияның гүл мен құттықтау хаттарына толы мерекелік кортежі аралап, жастар кездескен жанға жылы лебіздерін төгіп, сый-сыяпаттарын тарту етті. «Қаламыздағы әйелдердің көңіліне жылу мен қуаныш сыйлау өте маңызды. Олар бізге қамқорлықпен қарап, балаларымызға өмір сыйлайды, ортамызды махаббатпен толтырады. Сондықтан, әйелдерге денсаулық, әдемілік пен сұлулық, күш-қуат тілейміз», – деді Өскемен қаласы жастар орталығының директоры Сырым Қайсарбеков. Көшеде құшағы гүлге толған орталық белсенділерін көргенде қыздардың жүзіне күлкі үйіріліп, көңілденіп сала береді. «Бұл күтпеген сый болғандықтан, әрине, ұнайды. Мысалы, біз сауда үйінен шығып келе жатсақ, алдымыздан жалынды жастар әдемі гүлдермен қарсы алып, құттықтайды. Көп рахмет!, – деді қала тұрғыны Анна Лежко. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы. 09-03-2016 mereke 2 09-03-2016 mereke 4