11 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №434

392 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2010 жылғы 3 шілде  Астана қаласы
«Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, бұйырамын: 1. «Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы №665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., №18, 154-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспеде «8» деген сан «9» деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың Ауески ауруының алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережеде: кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында, жайылымда, өндірістік және мал шаруашылығы үй-жайларында Ветеринариялық ережелерге сәйкес үнемі кеміргіштермен күрес жүргізеді.»; 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) бөгде адамдардың қолайсыз объектінің аумағына кіруіне жол бермеу, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды тоқтату;»; 7-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ауески ауруынан қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде (елді мекен немесе жеке аула):»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) өндірістік және мал үй-жайларында кеміргіштерді жою бойынша және қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;»; 3-тараудың атауында «шаруашылықтардағы» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілердегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақта «шаруашылықтарда (фермаларда)» деген сөздер «шаруашылық жүргізуші субъектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: «шаруашылықтардан (қолайсыз фермалар, аулалар)» деген сөздер «шаруашылық жүргізуші субъектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын; «ветеринарлық-санитарлық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақта «фермаларда» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақта «шаруашылықтардан» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармақта «шаруашылықтарында (фермаларында)» деген сөздер «шаруашылық жүргізуші субъектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақта «шаруашылықтарда» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақта «мүйізді ірі қара немесе қой өсіретін шаруашылықтардан» деген сөздер «мүйізді ірі қара немесе қой өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақта «фермаларда» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта «шаруашылықтардан (фермалар, бригадалар, питомниктер)» деген сөздер «шаруашылық жүргізуші субъектілерден» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Лептоспирозды алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережеде: кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді; 6-тармақта: 5) тармақшада «шаруашылықтардың» деген сөз «шаруашылық жүргізуші субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында мал шаруашылығы үй-жайларында және азық сақтау орындарында үнемі кеміргіштерді жойып отырады.»; 8-тармақта: «27-бабының 1-тармағына» деген сөздер «10, 10-1 және 27-баптарына» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта:
«ветеринариялық» деген сөз «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ветеринариялық органға» деген сөздер «ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта «ветеринарлық, санитарлық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта: «шаруашылықта (ферма, табын, шошқа қора)» деген сөздер «шаруашылық жүргізуші субъектіде» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацта «ет комбинатының» деген сөздер «ет өңдейтін кәсіпорынның» деген сөздермен ауыстырылсын; 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр А.КҮРІШБАЕВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6353 болып енгізілді.