Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Камал Бұрхановтың пікірінің тоқетері осы. Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Камал Низамұлы мемлекеттік емес комиссияның ешқандай партияға, үміткерге жақ тартпайтындығын, сайлаудың әділ өтуі үшін барынша бақылау болатындығын айтты. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасымен арнайы кездесіп, жағдаймен танысқанын, байқаушылармен семинар-кеңес өткізгендігін тілге тиек еткен ол түс ауа Қазығұрт ауданына жолға шығып, жергілікті жердегі семинар жұмысына қатысатынын айтты.
Облыстық сайлауды байқау жөніндегі комиссияның төрағасы Досыбай Шерімқұлов 1047 сайлау учаскесінің 45-інде сайлауға дауыс беру жабық жағдайда өтетіндіктен, байқаушылардың қатыса алмайтындығын айтты. Бұлар әскери бөлімдер, аурухана, жазасын өтеп жатқан азаматтарға арналған сайлау учаскелері екен. Комиссия бұған дейін 4 ауданда семинар-кеңес өткізген. «Байқаушының міндеттері мен құқығы» методикалық кітапшасының 1932 данасы шығарылып, байқаушыларға таратылып беріліпті.
Брифингке арнайы қатысқан облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Кәттебеков бүгінге дейін тіркелген үміткерлердің 70-і додадан шығып қалғанын айтты. Оның 11-і облыстық мәслихаттан, 11-і қалалық мәслихаттан, қалған 48-і аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлер екен. Оның ішінде өз өтінішімен кандидатурасын алғандардан бөлек, табыс салығын дұрыс көрсетпегендер де бар екен.
Ал Мақтааралда үміткер сайлау басталмай жатып, ақсақалдарға шай беріп, шапан жапты деп арызданған азаматшаның шағымын қараған комиссия заңға қайшы олқылық таппаған. Сайлауалды науқанын ерте бастап жіберген тағы бір үміткердің ісі сотта қаралып жатыр.
Жиынды қорытқан Досыбай Айтбайұлы сайлауды байқаушылардың барлығы дерлік семинар-кеңестен өтіп жатқандығын тағы да еске салды
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
ШЫМКЕНТ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше