«Егеменнің» Орал қаласындағы тілші қосынына жасы ұлғайған ана келді. Егделік – қуанатындай, қол соғатындай құбылыс емес. Белі де бүгіліп бара жатқандай көрінді. Қасында тағы бір жас әйел бар. Ол қарт ананың қызы болып шықты. Келген шаруаңызды айта отырыңыз, апа, дедік біз ол кісіге ықылас таныта.
– Қарағым, біз мына тұрған қызым Бибігүл екеуміз Тасқала ауылынан «Егеменге» арнайы келіп отырмыз. Аудан орталығындағы шеткері көшелердің бірі – Шевченкода тұрамыз.Тағы да осы маңайда Стадион және Ахметқалиев атындағы көшелер бар. Осы үш көшенің тұрғындарының дені зейнеткерлер деуге болады. Осы кезге дейін кәрі қойдың жасындай ғұмырымыз қалғанда ауызсу азабын көріп келдік. Оны қыстың көзі қырауда ауыл шетіндегі шеген құдықтан бидонмен тасыдық. Оның өзі мөлдір емес, лай су еді. Тіпті, сол лай судың өзіне зар болдық. Өйткені, шелектеп ала берген соң суы бітіп қалады. Сонымен бірге, көше жолдары да шұрық-тесік болатын. Тіпті, электр бағаналары да тартылмаған еді.
Таяуда үйімізге су құбыры тартылып, ауыз-су азабынан бір-ақ күнде құтылдық. Бұған қоса жол да жөнделді. Үйіміздің іргесіне жарық та тартылды. Сондықтан, өтінішімізді аяқсыз қалдырмаған іс басындағы азаматтарға деген ризашылығымызды «Егемен» арқылы жеткізсек пе деп келіп едік, – деді өзін Қымбат Әбілғазиева деп таныстырған сексеннің сеңгіріне шыққан ана.
– Несі бар, ойыңыз дұрыс екен. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын демей ма? Ендеше, тұрмыстарыңыздың түзелуіне көмек көрсеткендердің аты-жөндерін атап жіберсеңіз, – дедім мен осы арада.
– Біріншіден Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиевтің аты-жөнін атағым келеді. Ол тұрғындардың жиналысына үш рет келіп қатысып, жанайқайымызға түсіністікпен құлақ асты. Әрі шұғыл шешім қабылдады. Бұған қоса істің жүру барысын өзі тікелей мұқият қадағалап отырды. Тасқала ауылдық округінің әкімі Светлана Өтемісова мен коммуналдық-шаруашылық кәсіпорнының басшысы Кенжеғали Бисалиевке де алғысымыз шексіз. Әрі мұны тек менің ғана емес, барлық көше тұрғындарының атынан айтылған алғыс деп қабылдауыңызды сұраймын.
Қымбат апа, бүгінде елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету, бұл тұрғыда тұрғындарға қолайлы тұрмыстық жағдайлар туғызу жөнінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жауапкершілік жоғары. Сіз есімдерін атаған Тасқала топырағының басшы азаматтары осы сенім мен жауапкершілік үдесінен шыға білген екен. Бұл аманатыңызды «Егемен» арқылы жеткізуге әзірміз. Бұған алаңдамаңыз. Жолыңыз болсын, – дедім мен ол кісіге ауылына қайтар жолда.
Сөйте қойшы, айналайын, деп апамыз алғысын қайта-қайта жаудырмалатып есікке қарай беттеді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауданы.

Тоқаев: Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайды
Президент • Бүгін, 15:52
Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс
Президент • Бүгін, 15:42
Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек
Президент • Бүгін, 15:32
Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:20
Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр
Президент • Бүгін, 15:15
Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды
Президент • Бүгін, 15:03
Тоқаев: Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек
Президент • Бүгін, 14:57
Президент: Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес
Президент • Бүгін, 14:41
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Президент • Бүгін, 14:39
Сарбаздардың өлімі: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды
Әскер • Бүгін, 14:24
Депутат әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ипотека беру шарттарын жеңілдетуді ұсынды
Экономика • Бүгін, 14:02
2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?
Қоғам • Бүгін, 13:59
Сенсация: Анна Данилина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Спорт • Бүгін, 12:28
Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты
Экономика • Бүгін, 12:13
Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік нысан ашылды
Медицина • Бүгін, 12:00