Фото: Depositphotos.com
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, мәйіт ферроқорытпа зауытынан шамамен 3 шақырым жерде, Ақсу қаласы бағытында жатқан аумақтан анықталған. Кейбір деректерде әйелдің зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін екені, сондай-ақ қылмыс ізін жасыру мақсатында денені өртемек болғаны айтылады.
Мәйітті жылдар бойы жасырған: Майқайыңдағы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады. Ведомство мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғанын мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматыда әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен жалғыз ұлының мәйіті табылды