17 Наурыз, 2016

«Сенің дауысың – сенің болашағың!»

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
BEK_9267республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы бөлімшесінде жас журналистердің «Қаламгер Азамат» қоғамдық қоры елімізде сайлау қарсаңында жариялаған «Сенің дауысың – сенің болашағың!» атты постерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Конкурсты ұйым­дас­ты­ру­шылар байқауға Астана, Алматы, Павлодар, Жамбыл және Атырау аймағының 18 бен 25 жас аралы­ғындағы тұрғындарының көптеп қатысқанын, жалпы үміткерлер саны 300-ден асып кеткенін жеткізді. Олардың айтуынша, елі­мізде мемлекеттің болашағы үшін үн қосатын жастардың белсен­ділігі артқан. EL.KZ әлеуметтік желісінде ашылған Sailau2016.el.kz интер­нет-алаңшасы арқылы бұл бай­қауға қатысқан үміткерлердің арасынан суырылып бас бәйгені астаналық Айдос Анаев жеңіп алды. Бірінші орын Ақтау қала­сының тұрғыны Мұрат Наурыз­байға бұйырса, ал жүлделі екінші орын­ды алматылық Сағидолла Ақта­нов пен тараздық Нұрсейіт Қара­баев өзара бөлісті. Үшінші орын­ды Алматы қаласының жас тұрғы­ны Рауль Чукобаев алды. Павло­дарлық Қасен Үмітжан мен Анас­тасия Дейна «Көрермен кө­з­айы­мы» номинациясына ие болды. Осы бәйге жарияланған сәт­тен бастап интернет қолда­ну­шылар байқауға келіп түскен туынды­ларға дауыс беріп, жеңімпаз­ды өздері іріктеген болатын. Туындысы озып шыққан жеңімпаздарды Қазақстан эстрадасының өнерпаздары мен белгілі БАҚ өкілдерінен және шығармашыл жастардан құралған қазылар тобы анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жуырда Алматы метросының бекеттерінде аталған байқауға келіп түскен постерлердің ашық көрмесі ұйымдастырылады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суретті түсірген Юрий БЕККЕР.