17 Наурыз, 2016

Бейбітшілік эстафетасы – жастарға

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2-45Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығының 25 жылдығына арналған жастардың «Бейбітшілік эстафетасы – жастарға» атты республикалық антиядролық онлайн форумы өтті. Маңызды шараға ақын, көрнекті қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қоз­ға­лы­сының төрағасы Олжас Сүлей­менов, суретші, антиядролық қоз­ға­лыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков, Қазақстан Президенті жа­нын­дағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының профессоры Төлеутай Сүлейменов және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Жалпы, онлайн форумға Қазақстанның 17 жоғары оқу орнынан 10 мыңға таяу сту­дент жастар тартылды. Бір ғана ҚарМТУ-дің өзінен шараға 1700-ден астам адам атсалысты. Форум жұмысының басында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың және Энер­гетика министрі Владимир Школь­никтің арнайы жолдаған құттықтау хаттары оқылды. Ал алқалы жиын ядролық қауіпсіздікті арттыру бойын­ша Қазақстан саясатын жүзе­ге асырудың тетіктері мен құ­рал­­дарын әрі қарай дамыту бо­йын­ша тәжірибе алмасу және келе­шекті болжау мақсатын алға қойды. Антиядролық онлайн форумын­да сөз сөйлеген ғалымдар Қазақ­стан­дағы ядролық қауіпсіздік са­ла­­сындағы ағымдағы жағдай, жап­­­пай қырып-жою қаруларын та­рат­­­паудың халықаралық режімін ны­­ғайту бойынша Қазақстан қыз­меті­нің нәтижелілігін бағалап, ядро­­лық қауіпсіздік және ядролық қару­­ды таратпау, қарусыздану сала­сын­дағы Қазақстанның жа­һан­дық же­текшілігін, еліміздің ими­д­­жін халықаралық аренаға көтеру мәселелері бойынша пікір алма­сып, көкейкесті тақырыпты талқыға салды. Жиын соңында форумға қаты­су­шылар Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың атына және Қазақ­стан жас­тарына үндеу хаттар жа­­­рия­­­лады. Хаттарда «Ядролық сы­нақ­т­арға тыйым салу мәселесі жаһан­дық қауіпсіздіктің аса маңыз­ды пр­о­блемаларының ішінде өзекті орын алатыны күмәнсіз. Біз осы үде­ріс­ке алғашқы және барынша ірі үлесті Қазақстан Республикасы, оның Тұңғыш Президенті қосқаны үшін айрықша мақтаныш сезіміне бөленеміз! 1991 жылы Сіз өз Жарлығыңызбен әлемдегі аса ірі ядролық сынақ полигонын біржола жаптыңыз және ақырында қуаты жөнінен әлемдегі 4-ші зымырандық-ядролық арсеналдан өз еркіңізбен бас тарттыңыз. Қазақстан осы сәт­тен бастап, Сіз өте дәл атап көр­сет­кендей, «Бей­біт­шілік эпицентрі­не» айналды» деген сөздер бар. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.