Президент • 21 Сәуір, 2026

Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астана қаласына Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) халықаралық іс-шарасына қатысу үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Мәртебелі қонақты елорда әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Президентті гүл шоқтарымен күтіп алып, құрмет көрсету үшін көк кілем жайылды.

Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммит 22-24 сәуір аралығында Астанада өтеді деп жоспарланған. Форум аясында экология, тұрақты даму және өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Өзі оқымас – оқытпас

Пікір • Бүгін, 13:45

Инженерия баспалдағы

Digital • Бүгін, 13:10