17 Наурыз, 2016

Күн тәртібінде – әйелдер мәселесі

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Гүлшара ӘбдіқалықМемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссиясының 60-сессиясына қатысты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова өз сөзінде гендерлік теңдік және әйелдердің ахуалын жақсарту мәселелері бейбітшілік пен қауіпсіздікті ны­ғайту, орнықты даму, кедей­ші­лікті жою және адам құқық­тарын қорғау сияқты БҰҰ Жаһан­дық күн тәртібінің негізгі мәселе­лерімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қа­зақ­станда гендерлік саясаттың өзін­дік үлгісі қалыптасқанын айтты. Ұлттық ерекшеліктер ескеріл­ген бұл үлгі халықаралық тәжіри­бе­лерге негізделген. Сондай-ақ, гендерлік теңдікке қол жеткі­зуге, әйелдер мен қыз балалар­дың құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктері ауқымын кеңейтуге бағытталған. Сессия аясында «Қазақ­стан­ның гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаты: өсім, реформа, даму» тақырыбы бойын­ша министрліктің жұмыс ба­бын­дағы түскі асы ұйымдастырылды. Жарыссөзге Бельгия, ОАР, Че­хия, Ангола, Латвия, Зимбабве, Үндістан, Корея Республикасы, Жапония, Парагвай, Аргентина, Мы­сыр, Түрікменстан және басқа да елдердің делегациялары қатысты. Іс-шара барысын­да Қазақстандағы гендерлік және отбасылық-демографиялық сая­саттың, сондай-ақ, экономикалық мүм­кіндіктерінің аясын кеңейту және ауылдық аймақтардағы әйел­­дердің денсаулығын қор­ғау мәсе­лелері жан-жақты талқы­ланды. Сессия барысында Мемлекеттік хатшы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Әйелдер құрылымының атқарушы директоры Ф.Мламбо-Нгкуканың кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанның әйел­дер мен қыздар құқығын қорғау және мүмкіндіктері ауқымын кеңей­ту саласындағы халықаралық міндет­темелерін орындау мәселелерін қарады. Г.Әбдіқалықова тәуелсіздік алға­лы бері Қазақстанның әйел құқық­тарын қорғау саласында қол жеткізген өзгерістеріне жетекші халықаралық сарапшылар оң баға бергенін атап өтті. Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова Аме­ри­ка мемлекеттері ұйымының (АМҰ) Әйелдер жөніндегі америкааралық комиссиясының атқарушы хатшысы, елші К.Мореномен кездесті. Тараптар әйелдердің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларға қатысуына және өкілеттілік етуіне толық әрі тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жан-жақты талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы әйел құқық­тары және гендерлік теңдікке қатысты саясатты жүргізу ісіндегі басты ұйым болып табылатын АМҰ-мен ынты­мақ­тас­тыққа жете мән беретінін атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқа­лықова БҰҰ Даму бағдарламаларының Әкімшісі Х.Кларкпен кездесуде Қа­зақ­стан мен БҰҰ ДБ арасында 2016-2020 жылдарға арналған жаңа негіздемелік бағдарламаға қол қойылғанын айтып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және оны жүзеге асыруға жәрдем еткені үшін алғыс біл­дірді. Г.Әбдіқалықова Х.Кларкқа кедей­шілікті және жұмыссыздықты төмен­детуге, әйелдерді инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған «Нұрлы Жол» жаңа эконо­ми­калық бағдарламасының мүмкіндік­терін таныстырды. Мемлекеттік хатшы Нью-Йорктегі БҰҰ Даму бағдар­ламасында қазақстан­дық әйелдердің де өкілдік етуіне мүд­делілік танытты. АҚШ-қа жасаған жұмыс сапа­ры­ның соңында Мемлекеттік хатшы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кез­десті. Кездесу барысында орнықты дамудың, гендерлік теңдіктің және әйелдер мен балалардың құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейтудің, әлеуметтік-гуманитарлық ілгерілеудің өзекті мәселелері талқыланды.