17 Наурыз, 2016

Жаңалыққа жаны құмар Қазбек

549 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
_MG_8535...Ол үнемі бірінші болуға ұмтылды. Мектепте сабағын жақ­сы оқумен қатар қоғамдық жұмыстардың да бел ортасынан табылатын Қазбек ешкімге «бұл қолымнан келмейді немесе уақытым жоқ» деп көрмеген жан. Еріншектік, жалқаулық, яки бүгінгі атқарылар шаруаны ертеңге қалдыру оның табиғатына мүлдем жат. Ақтөбе медициналық институтында оқып жүрген кездері әрдайым алға ұмтылумен ұстаз­дарының да ілтипатына бөленген студенттің бірі емес бірегейі бол­­ған Қазбек алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда облысының Шиелі аудандық ауруханасында бастайды. Шамалы уақыттың ішінде өз ісіне аса мұ­­қият, жауапкершілік жүгін жан-тәнімен сезіне білетін, талапты жас маман, реанимация бөлімінің дәрігер анестезиолог-реаниматологына әріптестері үлкен сенім артып, 1996 жылы Шиелі аудандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін жүктейді. «Дәрігер еңбегінің өтеуі ең бірінші кезекте, сырқаттың сауыққаны, оның тез арада оңал­ғаны ғой. Кез келген дәрігер үшін одан артық баға жоқ», дейді әңгіме барысында білікті маман Қазбек Шәукебаев. «Ауру адамға көрсеткен көмегіңнің, жасаған еміңнің сәтті болып шыққанын сезіну өзіңе деген сенімді арттыра түсетін, қосымша қуат сыйлайтын адреналин іспетті. Қолданар емің нәтижелі болған сайын дәрігерлік тәжірибең де ұлғая түспек. Мұ­ның бәрі айналып келгенде дәрі­гердің беделінің артуына әсер ететін, оның ауруды аяғынан тік тұрғызғанша түн ұйқысын төрт бөліп, тыным таппаған еңбегінің нақты нәтижесінің оң көрінісі», дейді ол. Ол медицина саласындағы соңғы жаңалықтарды дер мез­гілінде игермейінше, сырқаттарға сапалы қызмет көрсету жоғары деңгейде болмайтынын жете ұғынғандықтан, өзін-өзі же­тіл­­­діру­мен тынбай жұмыс жүр­гізуді әсте естен шығарған емес. Соған орай 2000 жылы Ал­ма­ты қаласында көшпелі оқу цик­лы «Диагностика Оберон», ме­дициналық менеджмент та­қы­­­рыбы бойынша білімін же­тілдірген Қазбек Алтынбекұлы қосымша жеке кәсіпті игеруді қолға алып, диагностикалық кабинет ашып, зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Дәрігер ретінде әлемдік медицинадағы жылт еткен жағымды жаңалықты қалт жібермей, үнемі ізденістегі білімді де білікті маман әр жылдары «Кенбасқармасы №6» ЖАҚ ме­дико-санитарлық бөлімі филиалының бас дәрігері, «Кен басқармасы №6» ЖШС ме­ди­ко-санитарлық бөлімі фи­лиалының бас дәрігері, Қаз­атомөнеркәсіп «Демеу-Шиелі» медико-санитар­лық бөлімі фи­лиалының бас дәрігері қызмет­терін атқарса, қазіргі таңда Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері. Соңғы жылдары медицина саласындағы реформаларға сай ұйымдастыру жұмыстарын оңтайлы үйлестіре білуімен әріп­тестері арасында ерекшеленген маманның бірі де Қазбек Шәу­кебаев болды десек еш артық айтқандық емес. Реформаның өзін уақыт ұсынады деп есеп­тейтін Қазбек Алтынбекұлы ин­но­вациялық технологияларды қолданысқа енгізіп, іске асыру сол саланың алға жылжуына, істің нәтижелі боларына бірден бір сеп деп біледі. «Медицина саласындағы реформалар біртіндеп, кезегімен жүйелі түрде іске асырылуда. Әрине бірден бәрін іліп әкету оңай емес. Қазіргі таңда еліміз­дің медицина саласында қолға алын­­­­ған реформалар кезінде өркениетті елдерде сыннан өткен, сынаққа төтеп берген әлемдік медицинна саласындағы жұмыс істеудің ыңғайлы да оңтайлы әдіс-тәсілдері. Реформаның өзі уақыт талабына сай жүзеге асатын игілікті істің бірі. Оның тиім­ділігі де өз нәтижесін беруде. Мысалы, бір кездері отан­дастарымыз күрделі отаны ірі қалаларға барып жасататын болса, ал қазіргі таңда күрделі оталар тек облыс орталықтарында ғана емес, сондай-ақ, соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жарақтандырылған Шиелі ау­дандық ауруханасы сынды ем­деу орындарында да жасалатын болды», деген Қазбек Алтынбекұлы бүгінгі отандық медицинадағы жаңалықтарға қатысты ойымен де бөлісті. «Біздің ауруха­нада бірінші медициналық көмек көрсету өте жақсы жолға қойылған. Ауыр сырқаттар түскен кезде телемедицина арқылы облыстағы мамандармен байланысқа шығып, хабарласып, сырқатқа қажетті кө­­мекті дер мезгілінде алуға мүм­­кіндік бар. Мамандар қарап, кеңес береді. Мұның бәрі ме­дици­надағы реформалардың, инновациялық технологиялардың оң нәтижесін бергенінің нақты дәлелі болса керек», дейді ол. Қазбек – істің адамы. Көп­сөзділікті ұнатпайды. Әріптесі Сәулет Рәшбайұлының айтуынша, ауруханаға алынған жаңа технологияларды дәрігерлер қалай пайдаланып жатыр, оны тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін жетік меңгере алды ма, міне, мәселенің осы жағына айрықша мән бере­тін басшы өз мамандарының да біліктілігін жетілдіруін қатаң талап етеді екен. – Басқа ауруханаларды кө­ріп, салыстырып, соңғы жаңа­лық­тарды қабылдауға ұмтылатын Қазбек Алтынбекұлы өзі басшы­лық жасайтын емдеу орнын жоғары деңгейде ұстауға тырысады. Соның нәтижесінде соңғы жылдары Шиелі аудандық ауруханасында ота жасаудың көбі аппаратпен, яки лапороскопия­лық әдіспен жасалуда. Бұл әдісті облыс көлемінде бірінші болып енгізген де жақсы жаңалыққа жа­ны құмар, білікті дәрігер Қаз­­­­­бек Алтынбекұлы», – дейді Сәулет Рәшбайұлы. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Сала қызметкерлері арасында «2015 жылдың үздік жетекшісі» атанған ол мұндай құрметке ерін­бей еткен еңбек пен тынымсыз ізде­нісінің арқасында жеткені анық. Қызылорда облысы.