17 Наурыз, 2016

Татулықты ту еткен керуен Таразға табан тіреді

315 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
IMG_5748Шалғай ауылдардағы ха­лық­қа түрлі көмек көрсету мақ­сатында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы Жамбыл жеріндегі сапарын Сарысу ауданынан бастады. Алғашқы күні аудан халқына Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіріп, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Жаңатас қаласында түрлі мәдени іс-шаралар ұйым­дас­тыры­лып, әлеуметтік қызмет­тердің, денсаулық сақтау, білім беру, әділет және банк өкілдері жергілікті халыққа консульта­циялық қызметтер көрсетті. Ал сәрсенбінің сәтті күні Әулиеата жұртшылығы келген қонақтарды Тараз теміржол вокзалында қазақы дәстүрмен ерекше күтіп алды. Киелі Тараз шаһары бұл пойыздың табан тіреген 31-бекеті екен. – Сапарын Астана қала­сынан бастаған бұл керуен өңір­дегі елді мекендерді аралап, тәуелсіз еліміздің қол жеткіз­ген жетістіктерін айшықтап, халық­тың бірлігін нығайтуға өз үлес­терін қосып келеді, – деген Тараз қаласының әкімі Нұржан Кален­деров келушілердің жұмы­сына сәттілік тіледі. «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы штабы­ның басшысы Әміржан Әлпейі­сов биылғы жылдың тарихи жыл екендігін, оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылды­ғы­ның ерекше аталынып өтілетін­дігін тілге тиек етіп, басқа об­лыстардың Жамбыл жеріне жол­даған ыстық сәлемін жеткізді. Құрамында әр саланың құзыр­лы өкілдері бар бұл делегация халықпен дидарласып, олардың мәселелеріне құлақ асып, сапар басталғалы бері 40 мыңнан астам ке­ңес беріпті. Қаржы сала­сын­­­да­ғы қордаланған кедер­гі­лерге қа­тысты келелі кеңес­тің бірі Жам­­был облысы әкім­дігін­де өтті. Қаржы ми­нистр­лігі Мем­ле­кет­тік сатып алу ко­ми­тетінің тап­сы­рыс беру­ші­лер мен жұмыс жөнін­дегі басқармасының басшысы Бер­лібай Арысбаев және атал­ған министрлікке қарасты Мем­лекеттік мүлік және жеке­ше­лендіру комитетінің төр­аға кеңесшісі Нұрмахан Әбу­­қасымұлы мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты шешімін таппай отырған жағдайлар мен жаңа заңнамадағы бірқатар өзгерістерді кеңінен айтып өтті. Жиын барысында жергілікті мамандар «Веб-портал жұмы­сы­ның техникалық қыз­меті­мен хабарласу мүмкін емес. Порталға салынған келісім­шарт­тар талапқа сай болса да, қазынашыл орындар өзгер­туді талап етуде. Бұл біз үшін екі жұмыс болып отыр» деген орынды сұрақ қойды. «Кем­шіліктердің барлығы уа­қытша. Келісімшарт веб-пор­талға 5 жұмыс күнінде орналастырылуы керек. Мем­лекеттік сатып алу заңы бо­йынша 3 жағдайда шарт жасалды деп саналады. Біріншісі – қол қойылған күн­нен бас­тап. Екіншісі – қам­тамасыз ету сомасын 10 күн ішінде енгізгеннен бастап, ал, үшіншісі – тіркеуден өтетін шарт болса ғана ол келісім іске қосылады. Тікелей шарт жасасу мен бір көзден алу тәсілі қол­­данылған жағдайда есеп өт­кі­зіледі деп заңда жазылған. Ал қа­ғидада өтпей қалған конкурс­тар бойынша деп керісінше көр­­сетілген. Шын мәнісінде, заң әрдайым жоғары тұрады. Бі­рақ, қағиданы да есепке ала оты­рып екеуі бойынша толтыра бе­рі­ң­іздер. Бұл жыл басынан бері көтеріліп және оның ше­ш­і­мін табудың сан жолдары қа­рас­­ты­рылып жатқан мәселе», – деп жауап қатты Берлібай Ергенбайұлы. Бұдан кейін «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызының делегаттары облыстағы этномәдени бірлестіктердің ортақ шаңы­ра­ғы­на айналған «Достық» үйі­не бас сұғып, «Ел бірлігі – ын­­­­­ты­­­­мақта» тақырыбында ұйым­­­­дас­­тырылған ғылыми-тә­жі­­ри­­белік конференцияның жұ­­­­мы­сына қатысты. ҚХА мү­шес­і, Астана қаласы қоғам­дық ке­ңе­сінің мүшесі, профес­сор Қазбек Қазкенов түрі бас­қа болса да, ті­легі бір отан­дас­тары­­мыздың бас­ты байлығы мем­лекетіміздің мызғымас бірлігі екенін баса айтты. – Қазақстандықтар жер бе­тін мекендеген ешбір халық­тан кем емес. Кең-байтақ да­ла­мыздың перзенттері күл­лі әлемді бойларындағы ба­тыл­дығымен, саф өнерімен әлде­қа­шан мойындатып қойған. Мәселен, жаужүрек батырлары­мыз Рақымжан Қошқарбаев, Бауыр­жан Момышұлы, Талғат Би­гел­диновпен кеуде керіп мақтан­­сақ, көмейлеріне бұлбұл құс ұя салған әншілеріміз Әміре Қа­­шаубаев, Роза Бағланова, Бибі­гүл Төлегенованың өнер­леріне қаншама дүйім жұрт қол соқты десеңізші! Бүгінде қазақ жерінен шыққан даңқты бокс­шымыз Геннадий Головкиннің ерлігі көп жастарымызға үлгі, – деді Қазбек Майлыбайұлы. Ал, қарашай-балкар этномәдени бір­лестігінің төрайымы Люд­ми­ла Хочиева әрбір қазақ­стан­дық азамат айрандай ұйып отырған еліміздің бейбіт тірлігін көз­дері­нің қарашығындай сақ­тау­ға және бірлігіміздің ыды­рамауы­на жауапты екенін алға тартты. Қонақтар студенттермен жә­не жұмысшылармен кезде­сіп, білім беруді дамыту, ден­сау­лық сақтау мәселелері бойын­ша ақыл-кеңестер берді. Және облыстық Шоқан Уәли­ханов кі­тапхана жүйесіне құн­ды кітап­тар тарту етіп, соңынан өңір тұр­­ғындарын жеке мәсе­лелері бойын­­ша қоғамдық қабылдау өткізді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.