АТЫРАУ. 16 наурыз. Атырау қалалық соты қоршаусыз подстансаның аумағында электр тоғынан зардап шеккен жасөспірімнің емдеу шығындарын энергетиктерден өндіруге ұйғарым жасады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Сотқа талап қоюшы талап арызбен жүгініп, кәмелет жасына толмаған баласының «Атырау Жарық» АҚ қызметкерлерінің жауапсыздығынан тоққа соғылып, денсаулығына зақым келгенін көрсетіп, өздерінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қараған «Атырау Жарық» АҚ-нан материалдық шығынды өндіруді сұрады. Өйткені, 2014 жылдың 19 сәуірінде кәмелет жасына толмаған ұлы қоршалмаған электрлік подстансаның аумағында электр тоғына соғылып, ауыр күйіктерімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін оның екі қолын бірдей кесуге мәжбүр болды. Баланың ата-анасына қазіргі заманғы медициналық көмек көрсету үшін Ыстамбұл қаласындағы (Түркия) MEDICAREINTERNATIONAL медициналық орталығына жүгінуге тура келген. Талап қоюшы ұсынған дәлелдемелеріне сәйкес баланы шетелде емдеу шығыны 142 600 АҚШ долларын құрады. Сот істің барлық мән жәйын зерделеп, жауапкер «Атырау Жарық» АҚ-нан К.-ның пайдасына баланы емдеуге жұмсалған шығын 17 549 703 тенгені өндірді», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: mng.adilet.gov.kz.
• 17 Наурыз, 2016
«Атырау Жарық» жасөспірімнің 17 549 703 теңге шығынын өтейді

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35