АҚТӨБЕ. 17 наурыз. Ақтөбеге еліміздің бас банкирі келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өңірге жұмыс сапарымен келген Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясына қатысып, еліміздегі экономикалық даму және оған қаржы институттарының ықпалы, теңгенің тегеурінділігін арттыру сынды мәселелерге тоқталды. Ол сондай-ақ, теңгенің еркін айналым саясатының таяу уақытта өзгермейтінін тілге тиек етті. Ақша айырбастау қызметіндегі өзгерістерді де айналып өтпеді. Қазіргі таңда теңгені шетел валютасына ауыстырушылардан жеке басын куәландыратын құжат талап ету шегінің бұрынғы 2 миллион теңгеден 1 миллион теңгеге дейін төмендетілгенінің неліктен екенін түсіндірді. Теңгені тұрақтандыру бағытындағы басқа да мәселелерге қатысты Ұлттық банк ұстанымдарын тарата баяндады.
Ол Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ипотекалық немесе ипотекалық тұрғын үй заемдарын қайта қаржыландыру бағдарламасына айрықша тоқталды.
«2016 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қазақстандықтар ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 19 мыңнан астам арыз берді. Олардың ішінде сомасы 76 миллиард теңге болатын 12 421 арыз мақұлданды. Арыз қабылдау жалғасуда. Ұлттық банк бөлінген қаражатты игеру қарқынын арттыру үшін бірқатар шараларды қолға алып жатыр. Ақтөбе облысы бойынша 1136 арыз берілген. Соның сомасы 3,7 миллиард теңге болатын 760-ы мақұлданды», – деп хабарлады қаржылық реттеу құрылымының басшысы.
Ол Ұлттық банктің тұрғындардың ипотекалық қарызын өтеуге ықпал ету үшін жұмысты күшейтетінін де атап өтті.
Өткен жылы облыстың банктердегі депозиттерінің көлемі 56 пайызға артып, 390 миллиард теңге құрағанын да айтып өтті. Заңды тұлғалардың салымдары 83,2 пайызға артып, 208 миллиард, жеке тұлғалардың салымдары 33,4 пайызға артып, 181,6 миллиард теңгеге жеткен. Данияр Ақышев қазақстандықтардың көбіне теңгелік депозиттерді таңдайтынын жеткізді.
Ол БАҚ өкілдерінің еліміздегі қаржы саясаты, несие ставкасы, алтын-валюта қоры және басқа мәселелерге байланысты бірқатар сауалдарына жауап берді. Жұмыс сапары барысында бас банкир облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының және ақша айырбастау пункттерінің өкілдерімен кездесуге қатысты.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35