АСТАНА. 17 наурыз. ВТБ Бірыңғай лигасында ойнайтын «Астана» баскетбол командасы кезекті рет жеңіліп, жанкүйерлерін жерге қаратты. Бұл жолы елордалықтар өз алаңдарында Санкт-Петербургтің «Зенитіне» есе жіберді. Кездесу ресейліктердің пайдасына 93:71 есебімен аяқталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірінші кезең толығымен «Зениттің» басымдығымен өтті. Нәтижесінде қонақтар 23:12 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде «Астана» қарқынын күшейткенімен, тағы да ресейліктерге жол беруге мәжбүр болды (25:20). Ал үшінші бөлікте астаналықтар екі ұпай айырмашылығымен жеңді (19:17). Дегенмен, соңғы кезеңде басымдықты қайта қолдарына алған «Зенит» ойыншылары 28:20 есебімен жеңіске жетіп, маңызды ұпайларға қол жеткізді.
Ойын барысында «Астана» сапынан Алексей Жуканенконың шеберлігімен көзге түскенін атап өткен жөн. Ол осы матчта 20 ұпайды өз атына жазды.
Осымен қатарынан сегізінші рет жеңілген Рамунас Бутаутастың командасы әзірге турнир кестесінде 15-орында тұр. «Астана» келесі кездесуін 20 наурызда сырт алаңда Красноярскінің «Енисейімен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: bcastana.kz.
• 17 Наурыз, 2016
«Астана» баскетбол командасы Ресейдің «Зенитінен» жеңілді

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35