17 Наурыз, 2016

Қарағандыда тоғызқұмалақтан турнир өтті (фото)

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-2016 turnir 3ҚАРАҒАНДЫ. 17 наурыз. Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұрмақов атындағы облыстық мамандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақтан облыстық турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қарағанды облысының 20 жасқа дейінгі үздік 113 спортшысы қатысқан турнир швейцар жүйесі бойынша өтті. Жарысқа «Нәтиже» сүт фабрикасының бас директоры Ерлан Əшім демеушілік етті. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Бас жүлде – А. Қожанәсіп (Ақадыр кенті). Ұлдар: І орын – Е. Кәріғұл (Ақадыр кенті); ІІ орын – Д. Үмітқалиев (Қарағанды қаласы); ІІІ орын – Т. Әбеуов (Ақадыр кенті). Қыздар: І орын – А. Қожанәсіп (Ақадыр кенті); ІІ орын – Г. Қабдыш (Қарағанды қаласы); ІІІ орын – М. Берікбол (Ақтоғай ауданы). Турнирдің жеңімпазы iPhone 6 ұялы телефонымен, ал жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz. 17-03-2016 turnir 1 17-03-2016 turnir 2