17 Наурыз, 2016

Шымкенттегі дүкенде тегін нан беріледі

758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.03.2016 Шымкент 2361_oko_site ШЫМКЕНТ. 17 наурыз. Шымкенттегі 11-ші ықшам ауданындағы «Мадина» дүкенінде нан тегін беріледі. Бұл туралы еgemen.kz тілшісі хабарлады. Жалпы облыста «Тегін нан» акциясы жүріп жатыр. Негізінен бұл нандар тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға көмек ретінде беріледі. Сатушылар ешқандай құжат көрсетпей-ақ тегін нан алуға болатындығын айтады. Алайда, ынсапсыз адамдар болмаса өзінің жағдайы бола тұра тегін нанға қол созбайды. «Мадина» тегін нан босатып жатқан жалғыз дүкен емес. Шымкентте бұл бастаманы қаңтар айында бір дүкен бастап, әр жұма сайын тегін нан таратып келген. «Қайырымды істер адамды түрлі қауіп-қатерден сақтайды» дейді хадиста. Шымкенттік кәсіпкерлер осындай сауапты істі қолға алды. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz