17 Наурыз, 2016

Оңтүстікте облыстық ардагерлер ұйымының жиыны өтті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.03.2016 Шымкент ардагерлер 2360_oko_site ШЫМКЕНТ. 17 наурыз. Шымкентте Лермонтов атындағы орыс драма театрының ғимаратында облыстық ардагерлер ұйымының VII конференциясы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Онда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Конференцияға арнайы қатысқан облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов қариялардың қоғамдағы белсенділігіне жоғары баға берді. «Сіздер – салт-дәстүріміздің сақталуына әсер етіп, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие берудің озық үлгісін көрсететін адамдарсыздар. Облысымыз қазыналы қарттар мен ардақты аналарға өте бай. Сондықтан да, Оңтүстік Ұлысымыздың ұйытқысы болып отыр», деді облыс әкімі. Жиын соңында облыс әкімі бірқатар ардагерлерді қоғамдағы белсенді қызметі үшін марапаттап, оларға ұзақ өмір, зор денсаулық тіледі. Сөз реті келгенде айта кетейік, облыста жалпы 214 599 зейнеткер өмір сүріп жатса, олардың 352-сі Ұлы Отан соғысының ардагері, 209 мыңнан астамы тыл еңбеккері. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz