17 Наурыз, 2016

Қостанайда ұрланған «генералдық» сағаттардың соты басталды

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
17-03-2016-sagatҚОСТАНАЙ. 17 наурыз. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Тілеген Мәткеновтың сағаттарын ұрлаған бұрын сотталған 26 жастағы азамат болып шықты. Ол кінәсін мойындап, сағаттарды өзінің өңірдегі белгілі құрылыс фирмасының иесі ағасына қайтарды. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл іс осыдан біраз бұрын Қостанайды шулатқан еді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұры генерал тұрған элиталық таунхаус үйінің терезесінен түсіп, 10 пар қымбат швейцариялық сағатын алып кеткен. Ұрланған заттар туралы ақпарат журналистердің қолына түскен болатын. Онда ұрланған сағаттардың Audemars Piguet, Zenith, Ulysse Nardin, Bridge, Rolex, Frederique Constant, Longines секілді брендтер екені айтылады. Алайда, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі артынша мұны теріске шығарды, сағаттар қымбат емес, бар-жоғы 300 мың теңгеге бағаланғанын айтқан болатын. Департаменттегілер мәлімдегендей, генерал қымбат үйде ұрлық оқиғасы болғанға дейін, өз пәтеріне жөндеу жұмыстары аяқталғанша тұрған көрінеді. Бұл баспананы оған кәсіпкер ұсыныпты, ұрланған сағаттар генералдікі емес, үйдің иесінікі деп шығарды. Басы дауға қалған генерал Мәткенов журналистер күдігін сейілту үшін өзінің сағаттарын көрсетуге уәде кеткен болатын. Кейін ол ойынан айнып қалды, оның сағатын бұқаралық ақпарат құралдарына департаменттің қызметкері көрсетті. Міне, біраз уақыттан кейін генералдың сағаттарын ұрлаған ұрлық ашылғанын мәлімдеп, соты болғалы тұр. Қолды болған миллиондаған теңге тұратын сағат генералға тиесілі ме, жоқ па? Осы жағы әлі тұман секілді сейілмей тұр. Енді сот не дер екен? Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz.