19 Наурыз, 2016

Күрес – қазақ үшін тарихи спорт түрі

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-03-01JPGЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олим­пиа­далық біліктілік турнирін өткі­зу мақсатымен Астанаға келген Н.Ла­ловичтің сапарына ризашы­лық білдірді. – Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде-бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар ара­сында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқа­сында Қазақстан халықаралық аре­нада жоғары нәтижелерге қол жет­кізді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Біріккен күрес әлемі» халық­аралық федерациясының прези­денті Астанада өтетін турнир­ді ұйымдастыруға қолдау көрсе­тіл­гені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бі­ріккен күрес әлемі» халық­ара­лық федерациясының құрмет орденін тапсырды. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Соңғы жаңалықтар

Құрметке лайық жандар

Қоғам • Бүгін, 08:50

Сезім суреттері

Көрме • Бүгін, 08:40

Шерағаң шаңырағындағы кеш

Тағзым • Бүгін, 08:35

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30