Биыл Астана қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше сый-құрмет көрсетілетін болды. Атап айтқанда, алдағы Жеңіс күні мерекесіне орай жергілікті әкімдік тарапынан әр ардагерге 1 миллион теңгеден беріледі.
Бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихат сессиясының күн тәртібінде қаралған бұл бастаманы барлық депутаттар бірауыздан қолдады. Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, бүгінде Астанада Ұлы Отан соғысына қатысқан 172 ардагер тұрады.
Сонымен қатар, аталған жиында елордада мүгедектерді, қарттар мен ауру жандарды күту бойынша жаңа мекеме ашылатыны да белгілі болды. Бұл жөнінде Андрей Лукин: «Бұдан былай әлеуметтік жұмыскерлер бір мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорынға біріктіріліп, мүгедектерді, қарттар мен сырқат жандарды күту бойынша қызметтер спектрі кеңейеді. Бұл мекемеге ауру адамдарды, қарттарды күтуді қажет ететін кез келген тұрғын жүгіне алады», – деді.
Қамкөңіл жандарға қызмет көрсететін бұл жаңа мекеме өз жұмысын сәуір айында бастайды деп жоспарлануда.
Ернар МҰХАМБЕТ.

Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Бүгін, 00:34
Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді
Руханият • Кеше
Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды
Инфрақұрылым • Кеше
Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?
Қаржы • Кеше
Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қоғам • Кеше
Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі
Құрылтай • Кеше
Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Президент • Кеше