19 Наурыз, 2016

Кептерлер Лондон ауасының тазалығын тексереді

373 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 18-03-16-golub Енді Британия аспанының ауасы тазалығы деңгейінің мониторингі интернетке қосылған кептерлер арқылы жүргізілетін болады. Осыған орай құстарға датчиктері бар арнайы кішкене қапшықтар кигізіледі. Сондағы қондырғы атмосферадағы азот диоксиді мен озон мөлшерін тексереді. Нәтижелері арнайы твиттер-аккаунтта, сондай-ақ құстардың нақтылы уақыттағы қозғалысы көрсетілетін сайтта жарияланады. Жобаны Plume Labs of Paris, DigitasLBi және Twitter компан­ия­лары жүзеге асырады. Әйелдер ерлерге қарағанда, көбірек ұйықтаулары керек Ғалымдар ерлерге қарағанда, әйелдердің көбірек ұйықтаулары керек екенін дәлелдеп шықты. Англияның Лафборо университетінің оқымыстылары күні бойы мимен жұмыс істейтін нәзік жыныстылар өкілдерінің еркектерден орта есеппен 20 минут артық ұйықтауы керек деген байлам жасады. Олар бұған орта жастағы 210 ер кісі мен әйелді арнайы экспериментке қатыстыру арқылы анықтады. Мұны зерттеушілер қыз-келіншектердің бір мезгілде бірнеше міндетті қатар орындап отыратынымен байланыстырды. 18-03-16-panfilovcy-1War Thunder-де «28 панфиловшылар» ұрыстары да бар Gaijin Entertainment компаниясы War Thunder соғыс онлайн-ойынының «Көктемгі маршын» жаңартып, оған 28 панфиловшылар ұрыс қимылдарын енгізді. Ойын аты аңызға айналған генерал Панфиловтың 1941 жылдың қысында Мәскеу түбінде вермахт әскерлерін қалай тоқтатқанын көрсетеді. Ойнаушылар оны «Волокаламск» деген атауы бар жаңа карталардың бірі арқылы ойнай алады. Алдағы елу жылда АҚШ тұрған жер шөл далаға айналады Америка ғалымдары алдағы 50 жылдан соң бүгінде АҚШ жайлап жатқан атыраптың құлазыған қу медиен шөл далаға айналатынын айтып отыр. Зерттеушілер мұны XXI ғасырдың екінші жартысында Құрама Штаттарды соңғы мың жылдың ішінде болып көрмеген құрғақшылықтың жайлайтынымен түсіндіреді. Осы кезде бұл аймақ ұшқан құстың қанаты талатын аңызақ дала болып шыға келеді. Соның ішінде Аризона, Калифорния, Техас, Оклахома және Невада штаттары жан баспайтын мекенге айналады-мыс. Бұдан басқа, тағы 11 штатта ауыз су өмірлік мәні бар мәселе болмақ. коко шанельКоко Шанель нацистерге қызмет еткен екен Француз тарихшылары өткен сәрсенбі күні Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия әскер­леріне тыңшылық қызмет еткендерді судың беті­не шығарды. Олардың арасында атақты «Ша­нель» иіссуын ойлап табушы Коко Шанель де бар. Іздеушілер архивтен нацистердің астыртын операциялары мен Француз қарсылық қозғалысы жайында құпия мәліметтер тауып алған. Венсан замогында ұзақ жылдар сақталып келген құжаттарда сондай-ақ немістің арнайы қызметі агенттерінің аты-жөндері де кездескен. Олардың қатарында француздың атақты дизайнері, Chanel сән үйінің негізін қалаушы Коко Шанельдің жүруі елді нағыз естен тандыратын сенсация болып отыр. Пәкістандық қыздар бокс әліппесін үйреніп жатыр Бұрын әйелдердің бокспен айналысуына үзілді-кесілді тыйым салынып келген ел – Пәкістанда спорттың осы түрі қазір қауырт қолға алынып жатыр. Елдің байтағы – Карачи қаласындағы «Пак Шахин» бокс­шылар клубы бұдан жарты жыл бұрын қыз-келіншектерді қатарларына қабылдай бастады. Бұған қаланың осы Лиари ауданында қарақшылардың жұртты қатты дүрліктіріп тұрғаны әсер еткен сияқты. Бойжеткендер мұнда ең алдымен өздерін қорғап үйрену үшін келіп жатқанға ұқсайды. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.