Тұрсынжан Шапайдың жаңа кітабы жарыққа шықты
Осыдан біраз бұрын танымал қаламгер Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» кітабының тұсаукесері өтті. Оған шаһардағы әдебиеттанушылар мен белгілі публицистер, БАҚ жетекшілері мен қаламы жүйрік журналистер қатысты. Бұл жиыннан белгілі ғалымдар да табылды.
Көптен күткен кітаптың тұсаукесер рәсімін «Ел» продюсерлік орталығының директоры Ғалым Доскен мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы жасап, жазу өнеріне қатысты ойларымен бөлісті.
Рухани басқосу тұрғысында өткен кітаптың тұсаукесерінде Тұрсынжан Шапайдың сөзіне жазылған әндер орындалып, әдеби кейіпкерлері сөз алды. Рамазан Стамғазиев, Бекжан Тұрыс, Ұлту Қабаева сынды өнердің бел балалары шығармашылық бас қосудың салмағын арттырды. Танымал актер Асқар Наймантаев жазушының шығармасынан («Қазақпен саудаласу») үзінді оқыды.
Аталмыш кітап «Ақжүніс» баспасынан шыққан тұңғыш кітап екенін айта кету ләзім. Осынау жобаға мұрындық болған «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы Сәуле Әбединова қазірге «Күлкі және көз жасы» кітабы 2 мың данамен жарық көргенін, сұраныс өскен сайын таралымы да өсе беретіндігін айтады.
Тұрсынжан Шапайдың ертеректе жарық көріп, жұртшылықтың ықыласына ие болған «Қазақтың жаны» кітабына енген әңгіме, эсселері соңғы жылдары жазылған көптеген жаңа туындыларымен толықтырылып, «Күлкі және көз жасы» деген атпен шығып отыр. Жаңа кітап «Күлкі және көз жасы», «Жазу», «Бір мысқал...», «...Және бір эссе» деген төрт бөлімнен тұрады.
Төрт тараудан тұратын кітап бөлек сарынымен, ерекше ой оралымдарымен, тілінің шұрайлылығы, сөзінің салмақтылығы, мәселелерінің көкейкестілігімен оқырмандарын елеңдетіп отыр. Замана тынысы, қоғам мен адам мінезіндегі құбылыстарды, қазіргі көңіл күйді бейнелеу талабы – бұл кітапқа енген туындылардың негізгі мазмұнын айқындайды.
Жазушы, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапайдың бұдан басқа, «Ой түбінде жатқан сөз», «Шын жүрек – бір жүрек», «Қазақтың жаны» атты кітаптары жарыққа шыққан. 2001 жылы «Шын жүрек – бір жүрек» кітабы үшін қаламгер Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған.
Тұрсынжан Шапайдың сазгерлігі – өз алдына бөлек әңгіме. Оның «Арман», «Дариға-дәурен», «Сәуле-ғұмыр», «Айдай», «Ай, сәулем», «Ой, дүние», «Қаракөз қалқа», «Ой, жаным», «Қайран, Қарасазым-ай», «Бала ғашық» әндері Рамазан Стамғазиевтың, «Қоңыр» тобы, т.б. қазақ әншілерінің орындауында халыққа кең тараған. Ұлы Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің», «Жүрегім менің қырық жамау», «Ғашықтық құмарлық пен ол екі жол» өлеңдеріне жазған бірнеше әні бар.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Самат ҚҰСАЙЫНОВ.

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13