19 Наурыз, 2016

Қаза тапқан ресейліктің саны қанша?

315 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
шарайна-1Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирияда қаза тапқан ресейлік әскерилердің саны туралы айтуды жөн көрмеді. «Мен бұл сұраққа жауап бермесем деймін. Сіздерге мұндай сауалды қорғаныс министрлігіне қоюды ұсынамын», – деді ол. Песков, сондай-ақ, 17 наурызда Кремльде әскерилермен кездескен кезінде президент Владимир Путин Сирияда қаза тапқан 4 офицердің атын атады. Олардың аты-жөндері белгілі, өзгелер туралы ештеңе айтылған жоқ», – деп атап өтті ол. Ал қазіргі таңда Сирияда 5 ресейліктің қаза тапқаны белгілі. Бірақ ресми түрде олардың төртеуінің ғана аттары аталып отыр. Трампты көп ел халқы жақтырмайды АҚШ президенттігіне кандидат миллиардер Дональд Трамп «Фейсбук» әлеуметтік желісінің тарихында ең көп қайта жариялауларға ие болған. 4 күн ішінде мәтінге қатысты миллионнан астам пайдаланушы пікір білдірген. Хаттардың астына олар шамамен 65 мыңдай пікір жазыпты. Миллиардерді сынға алған пост Humans of New York фотоблогының парақшасында жарық көрген. Жоба авторы Брендон Стэнтон соңғы 2 жылда ол көптеген Ираннан, Ирак пен Пәкістаннан шыққандармен сұхбат жүргізгенін және көптеген мұсылман босқындармен кездескенін жазыпты. Автордың пікірінше, бұл оған әлемдегі ең жағымсыз және жеккөрінішті адам Трамп деп қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Сауд Арабиясы мұнайдан бас тартпақ шарайна-2Сауд Арабиясының өкіметі басты табыс көзі және энергиямен қамтамасыз ету ресурсы ретіндегі мұнайдан бас тартпақ пиғылда. Бұл туралы осы елдің мұнай министрі Әли әль-Наими Bloomberg агенттігіне хабарлаған. Корольдік энергияның жаңғырмалы көз­деріне бағыт ұстануға ниетті. Мен жаңғырмалы энергия үшін Сауд Арабиясынан артық ел бар деп ойламаймын, деп мәлімдеген министр. Ол өз пікірін Корольдіктегі жарқырап тұратын күннің көзімен, пайдаланылмай жатқан ауқымды аумақтармен, сондай-ақ, құмның көптігімен түсіндірген. Осының бәрі күн электр стансаларын салу үшін өте қажет. Сонымен берге, Наими елдердің таяудағы 50 жылдың ішінде мұнайдан басыбүтін бас тарта қоятынына да онша сенбейді. Сөз ретінде Сауд Арабиясының өз экономикасын әртараптандырып, мұнай экспортынан тәуелділікті төмендету туралы алғаш рет мәлімдеп отырмағанын да айта кету қажет. Қысқа қайырып айтқанда:
  • Полицейлер АҚШ-тың Калифорния штатында сау­сағын шошайтқан адамды атып тастаған. «Ол бізге қару жұмсайтын секілді көрінді. Сондықтан оның алдын орап, бірінші болып оқ жұмсауды жөн көрдік» – дейді полицейлер. Ал атып өлтірілген адамның кейін саусақ шошайтқаны ғана белгілі болып отыр. Өйткені, одан қару табылмаған.
  • Ресейдің Дондағы Ростов қаласының Первомай аудандық соты жергілікті туристік фирманы Түркияға жолдамалар сатуды тоқтатуға міндеттеген. Түркияға қатысты санкция туралы жарлыққа Ресей президенті В.Путин өткен жылдың 28 қарашасында қол қойғаны белгілі.
  • Ұлыбританияда темір дәуірінде өмір сүрген 75 жауын­гердің қорымы табылған. Олардың арасында осыдан 2,5 мың жыл бұрын жерленген әскери көсем де бар көрінеді. Бұл оқиға соңғы онжылдықтардағы аса ұлы жаңалық деп баға­ланып отыр. Ал көсемнің жасы шамамен 17 мен 23-тің аралығында екен.
  • Ресейде Башқұртстанның астанасы – Уфа қаласынан Екатеринбургке 20 тонна арақ әкелуге тиісті болған алыс қашықтыққа жүк көлігін жүргізуші жоғалып кеткен. 54 жастағы Юрий Ожерельев байланысқа 4 наурыздан бері шықпапты.
шарайна-3Бэсеску Молдавия азаматтығын алмақшы Румынияның бұрынғы президенті Траян Бэсеску Молдавия азаматтығын алу үшін құжаттарын өткізген. Бұл туралы кеше «Молдаван бизнесі» басылымы жариялады. Аталған саясаткер мен оның зайыбы Мария өтініштерін Молдавия президенті Николай Тимофтидің атына жолдаса керек. Басылымның деректеріне қарағанда, бұл ақпаратты Молдавия президентінің баспасөз қызметі қуаттаған. Осы наурыз айының басында Румынияның бұрынғы президенті Молдавияның Румыниямен бірігуі тиістігі жөнінде мәселе көтерген еді. Оның сөзіне қарағанда, бұлай жасалмаған жағдайда Молдавия Еуроодақ пен НАТО-ға мүшелікке өту мүмкіндіктерінен айырылады. Жириновскийдің түсініксіз ұстанымы Ресей либерал-демократиялық партиясының серкесі, атышулы Владимир Жириновский ажырасу әрекетімен жүрген депутаттарды жер-көкке сыйғызбай мақтады. Оның пікірінше, ажырасқаннан кейін әйелдің рөлін парламенттегі жұмыс атқаратын болады. Ресей Мемлекеттік думасы жұмыс орнына келмеген депутаттарды мандатынан айыру туралы заң жобасын қараған кезде жұмыс орнында халық қалаулыларының үштен екісі болмай шыққан. Дегенмен, заң жобасы бірінші оқылымда қабылданыпты. Ал В.Жириновский әйелді жұмыс алмастырады деп депутаттардың осындай жауапсыздығынан кейін айтып отыр. шарайна-4Нағыз «ілкімділік» деп осыны айт Испания полициясы Пинеда-де-Мар қаласында пайдаланылудан қалған қонақүйде көкнәр өсірумен айналысқан екі ресейлік әйелді тұтқынға алды. Плантация Жерорта теңізінің жағалауында, Барселонадан шамамен 60 шақырым жерде орналасқан ескі қонақүйдің бес қабатының үш қабатын алып жатса керек. Ресейлік әйелдермен қатар, тағы екі ер адам – Испания азаматтары қамалған. Олар көршілес Бланес және Льорет-де-Мар қалаларының тұрғындары екен. Операция барысында құны шамамен 60 мың еуро тұратын 2,5 мыңға жуық көкнәр түбірі тәркіленген. Ал ұсталғандарға қандай жаза қолданылатыны туралы нақты ештеңе айтылмайды. Интернет материалдары негізінде әзірленді.