Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Байқаушылар миссиясының басшысы А. Носировпен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының бас сарапшысы М.Асейинов қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком төрағасы миссия басшысын Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен жұмысымен толық таныстырды.
«Электораттық науқан кезеңдері заңнамада көзделген тәртіпте өтуде. 18 наурыз күні сағ.24:00-де саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады. БАҚ-қа мониторингтің алдын ала қорытындылары көрсеткендей, тұтас алғанда, біз сайлауға қатысушы саяси партиялардың барлығына бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ете алдық. Кеше Орталық сайлау комиссиясы бекіткен регламентке сәйкес алты саяси партия теледидарлық пікірсайысқа қатысты. Үгіт жұмысының мұндай нысаны сайлау туралы заңда көзделген», – деп атап көрсетті Қ.Тұрғанқұлов.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша ШЫҰ Миссиясының басшысы ШЫҰ Миссиясы осы ұйымның беделді мүшесі болып табылатын Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға ниет білдірді.
А.Носиров, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастыру деңгейіне және қазақстандық БАҚ-тардың сайлау науқаны кезіндегі қызметіне баға берді. «Біз дайындық рәсімдерінің маңыздылығы мен мұқияттылығын атап өттік. Біздің миссия сайлауды байқауды қазақстандық заңнама шеңберінде және халықаралық өлшемдер негізінде жүргізеді», – деді ол кездесу соңында және Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырушылардың барлығына сәттілік тіледі.

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13