23 Наурыз, 2016

«Сарыарқа» – Жоғары хоккей лигасының жартылай финалында

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-03-2016 sariarkaҚАРАҒАНДЫ. 23 наурыз. Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасындағы (Ресей) плей-офф ойындарының ширек финалында Нефтекамск қаласының «Торос» командасын жалпы есепте 4:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ширек финалда «Тороспен» арада болған алтыншы ойынды өз айдынында өткізген «Сарыарқа» қарсыластарын қосымша таймда 3:2 есебімен жеңді. Қарағандылықтар сапынан Казаков, Юксеев, Лааксонен сынды хоккейшілер мергендігімен көзге түсті. Ал Беляев болса, үш рет нәтижелі пас беріп, команда жеңісіне қомақты үлес қосты. Енді «Сарыарқа» жартылай финалда Альматевскінің «Нефтяник» командасымен күш сынасады. Ал жартылай финалдың екінші жұбын ТХК (Тверь) және «Ижсталь» (Ижевск) клубтары құрады. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.