АСТАНА. 24 наурыз. Ішкі істер министрлігінің ТМД елдерімен жасаған келісіміне сәйкес, 16-17 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соның нәтижесінде 369 іздестірудегі қылмыскер анықталып, ұсталды. Оның ішінде кісі өлтіргені үшін 8 қылмыскер, денсаулыққа ауыр зиян келтірген 12 отандасымыз, қарақшылық шабуыл жасаған 9 адам, тонаумен айналысқан 26 және террористік қылмысқа қатысы бар 3 адам тұтқындалды. Ресейде 15 қылмыскер, Қырғызстанда 7 және Өзбекстанда 4 адам ұсталды.
Ресей Федерациясының Иванов және Свердловск облысында екі қылмыскер ұсталды. Біріншісі 2002 жылы 29 шілде күні Петропавлда адам өлтірген қылмыскер болса, екіншісі осы қалада 2005 жылы маусым айында «СЭН» дүкеніне ұйымдасқан топта қарақшылық шабуыл жасаған. Екеуі де Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіруінде болған. Сонымен бірге Ресейдің Ростов облысында былтыр желтоқсан айынан бастап шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысы бар Қостанай облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам ұсталды. Краснодар аймағында 2015 жылы 27 маусымда Шымкент қаласында кісі өлтірмек болған Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам тұтқындалды.
Қырғыз Республикасының Нарын облысында 2014 жылы тамыз айында аса көп мөлшерде есірткі құралдарын өткізіп, контрабандамен айналысқаны үшін Жамбыл облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам тұтқынға алынды.
Маңғыстау облысының ІІД адам саудасымен айналысқаны үшін 2010 жылдан бастап Қарақалпақстан Республикасы ІІМ-нің іздестіруіндегі адамды ұстады.
Мәскеу қаласында аса үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2014 жылдан бастап Астана қаласы ІІД-нің іздестіруінде болған адам тұтқындалды.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сурте: egemen.kz
• 24 Наурыз, 2016
Шетелде қашып жүрген Қазақстан азаматтары ұсталды

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47