Жақында қытайлық кәсіпкерлердің қазақтың ұлттық тағамдары қымыз бен құртқа мол көлемде тапсырыс беріп, сатып алатындары туралы мәлімет шықты.
Олар осы екі ұлттық тағамымызды зертханалық сараптамадан өткізіп, жоғары сапалы өнім түріне жатқызғаннан кейін қымыз бен құртты сатып алатындары туралы айтты. Осыған байланысты Қытай еліне ұлттық тағамдарымызды сатуды Павлодардың «Сағып» шаруа қожалығы қолға алды. Бұл қожалық бұған дейін қымыз өндірісімен танымал болғаны белгілі. Қазіргі кезде оның қымызы Астанадағы 8 үлкен супермаркетте, одан қалды Мәскеудегі қазақ өнімдері саудаланатын дүкенде сатылады.
Қазақтың ежелден келе жатқан қазынасы саналатын қымыз бен құртқа Қытай кәсіпкерлерінің қызығып, мол көлемде тапсырыс беріп отырғаны тегін емес. Өйткені, қазақтың қымызы ешбір қоспасыз, табиғи түрде дайындалады. Ол көптеген ауру, сырқаттарға ем. Бие сүті ең алдымен құрт ауруына жақсы ем бола алады. Қазіргі таңда қымыздың көптеген ауруларды, атап айтқанда, өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. Сол сияқты құрттың да көптеген пайдалы жақтарын айтуға болады. «Сағып» шаруа қожалығының басшысы Төлеу Құшманова қытайлық кәсіпкерлердің қымызға ғана емес, құртқа да қызығып жатқанын ескеріп, енді жылқымен қатар сауын сиырлар алып, құрт-ірімшік өндірісіне кірісуді қолға аламыз деп отыр. Оның айтуынша, құрт жасау аса қиындық туғызбайды. Себебі, ол кәдімгі әжелерімізден жеткен көне әдіспен қарапайым түрде дайындалады.
– Қазір біз құрттың шайға арналған тәтті түрі мен сорпаға қосылатын ащы түрін дайындап жатырмыз. Бұл құрттарды жасау үшін біз ешқандай жаңалық ашқан жоқпыз. Ол ықылым заманнан бүгінге дейін тарам-тарам ұрпақ арқылы келе жатқан әжелеріміздің технологиясы бойынша жасалады. Біз Қытайға 220 литр қымыз бен 60 кило құрт сатқанбыз. Қытайлықтар соның дәмін көргеннен кейін ұлттық тағамдарымызға қызығушылық танытып отыр», – дейді Т.Құшманова.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:12
Алматыда ер адам 11 қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 12:56
Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
Білім • Бүгін, 12:43
Қазақстандағы орташа жалақы деңгейі қандай?
Қаржы • Бүгін, 12:32
Мемлекет басшысы Черногория президентін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:28
Шығыс Қазақстанда танысын 3 жыл бойы бопсалаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:11
Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады
Қоғам • Бүгін, 11:58
Университеттерге құжат қабылдау қашан басталады?
Университет • Бүгін, 11:55
1-сыныпқа қабылдау: Ата-аналар тұрақты тіркеу талап етілетініне шағымданды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді
Сауда • Бүгін, 11:40
Миллениал ата-ана, зумер бала: Қалай тіл табысамыз?
Қоғам • Бүгін, 11:30
Өзбекстан футболшылары жанкүйерлердің ықыласына бөленді
Футбол • Бүгін, 11:24
Филиппинде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жетті
Әлем • Бүгін, 11:10
Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?
Мереке • Бүгін, 11:01