Өмір бойы газ шаруашылығында жұмыс істеген Владимир Федорченко өзі тұратын Тараз қаласының іргесіндегі Бәйтерек ауылындағы осы мекеме үйін жекешелендіру науқаны кезінде өзінің атына аударып алғысы келеді. Бұған газ шаруашылығының басшылары да қарсы болмайды.
Бірақ, «қырсық шалғанда, қымыран іриді» деген, кейінірек бұл үйдің көрші қырғыз елімен арадағы шекара сызығында жатқаны белгілі болыпты. Сөйтіп, тұратын үй мен ауыл арасын екі елдің шекарашылары екі жаққа бөліп тастайды. Қазір ол үйінен шығып, жақын маңдағы ауылына бару үшін шекарашылардың рұқсатын алып, арнайы қалдырылған жолмен жүріп-тұрады. Шекарашылар бөлімшесінің басшысы бұл азаматтың басындағы жағдайды түсініп, тура үйдің үстінен өтуі тиіс шекара сызығын уақытша өзгертіп отыр. Осы сәтті пайдаланғысы келген В.Федорченко тағы да жекешелендіру ісіне кіріскенімен, жолы болмады. Өйткені, бұл жер ҰҚК-ға тиесілі аумаққа жататындықтан, жекешелендіру мүлдем мүмкін емес екен.
– Соңғы екі жылдан бері бізді бұл мәселе бойынша ешкім мазалаған жоқ, – дейді Владимир Федорченко. – Бірақ жекешелендіру науқаны өткеннен кейін біздің үйімізді трактормен сырып тастауы мүмкін. Сонда біз далада қаламыз ба? Сондықтан, Жамбыл облысы әкімдігі осы мәселеден шығатын жол тауып, бізге көмек қолын созса, дұрыс болар еді...
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше